Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Алматыда жалған ақшаны жиі жасайды екен

Алматыда жалған ақшаны жиі жасайды екен

Қаржы 10.02.2022, 06:17 1,520
Алматыда  жалған ақшаны жиі жасайды екен
www.inform.kz

2021 жылы Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер құны 1 577 400 теңге болатын 519 жалған ақша белгісін (513 банкнот және 6 монета) анықтады. Бұл 2020 жылға қарағанда 37% аз (823 жалған ақша белгісі), деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қаржы ұйымының банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асқат Мұқамадиевтің айтуынша, өткен жылы номиналы 2 000 теңгелік банкноттар қолдан көп жасалған – 340 дана, бұл – анықталған жалған ақшалардың жалпы санының 65%-ы.


Одан кейін көп жасалған номинал – 5 000 теңгелік банкноттар – 94 дана (15%), 10 000 теңгелік банкнот – 36 дана (7%). Қалған 13% банкнот басқа номиналдарына тиесілі.



Жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда анықталды – 355 дана (жалпы санның 68%), одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан қаласы – 54 дана және Шығыс Қазақстан облысы – 26 дана.



Шынайы банкнотты жалған ақшадан ажырату үшін түпнұсқадағы бірнеше белгіні білу маңызды.


Қолдан жасалған банкноттардың негізгі бөлігі түпнұсқадағы қандай да бір белгілерді имитациялайтын жеңілдетілген технологиямен дайындалады. «Сезін-қара-аударып көр» әдісін қолдана отырып, арнайы жабдықсыз-ақ жалған банкнотты анықтауға болады.


Түпнұсқа банкноттың бірнеше айрықша белгісі бар.


Біріншіден, ол өзіне тән дыбыспен ерекше шытырлайды, екіншіден – арнайы рельефі бар.



Сонымен қатар барлық банкнотта көру қабілеті нашар адамдар үшін саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын белгілер бар. 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік купюраларда банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткен кезде бейнелердің түсі жасылдан алтын түстес өңге өзгеретін қасиеті бар.



Сонымен бірге жарыққа тосып қараған кезде бір тұтас жіп ретінде анық көрінетін, жазуы бар пунктир түріндегі тұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аударған жөн.


Осы ерекшеліктердің өзі арнайы жабдықты пайдаланбай-ақ банкноттың түпнұсқалылығын тез арада тексеріп алуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ақша #жалған #банкнот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика