AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Оқу жылы басталғалы мектеп кітапханалары екі милл...

Оқу жылы басталғалы мектеп кітапханалары екі миллион көркем әдебиетпен толықты

Медицина 01.02.2022, 09:33 1,543
Оқу жылы басталғалы мектеп кітапханалары  екі миллион көркем әдебиетпен толықты
Сурет: Inform.kz

Елде балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру ісі жолға қойылған


2020 жылы елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы басталды. Оған мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен қамтамасыз ету, оқушыларды кітап оқуға тарту үшін іс-шаралар өткізу, кітапханаларда қолайлы жағдай жасау, жөндеу және жабдықтау, кітапханашылардың біліктілігін арттыру сияқты бірқатар шаралар кірді.


Мектептерде күн сайын міндетті түрде 20 минут кітап оқуды дәстүрге айналдырды. Мектеп кітапханаларының жанынан 440 заманауи коворкинг-орталық ашылып, жұмыс істеп жатыр.


Көптеген қазақстандық жоғары оқу орны кітапханаларын автоматтандырады және қайта жабдықтайды. Бұл бағытта белсенді жұмыс студенттерге кітап іздеу және алу бойынша ыңғайлы сервис ұсыну, сондай-ақ кітапханашыларға кітапхана қорымен жұмыс істеу үшін ыңғайлы құрал жасау үшін жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


БҒМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл елімізде мектеп кітапханаларының қоры екі миллион көркем әдебиетпен толыққан.


Енгізіліп жатқан жаңашылдықтар оқырман санын арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Мысалы, жаңа технологияларды енгізудің және ЖОО-ның қалалық мектептермен белсенді жұмысының арқасында Қарағанды техникалық университетінде оқырман саны 17 мыңға дейін артты.


С.Торайғыров университетінде студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханада ауданы 1 560 шаршы метр коворкинг-орталық, конференц-зал және студенттерге арналған демалыс аймағы ашылды.



«Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының, мектептер мен колледждердің алдына білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, мектептермен жұмысты жандандыру, жағдайды жақсарту және қажетті ақпаратты іздеудің тиімді жолдарын қамтамасыз ету міндетін қойды. Сондықтан қазір ЖОО-лар автоматтандырылған жүйелер мен өзгерістер енгізу, талаптарға сәйкес жүйелерді пысықтау және персоналды оқыту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Сонымен қатар университеттер кітапхана қорын жаңа басылымдармен толықтырып жатыр. Ең бастысы, университет кітапханалары мектеп оқушылары үшін ашық болады. Медиаресурстар саны да артты – электронды оқулықтар, энциклопедиялар, әдістемелік құралдар және басқа да әдебиеттер көбейді. Электрондық кітапханалардың толық мәтінді және мультимедиялық ресурстары, соның ішінде Web of Science және Scopus халықаралық базалары қолжетімді болды. Бұл шаралар студенттеріміз үшін барлық жағдайды жасау үшін қабылданып жатыр», – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #көркем әдебиет #кітапханалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика