AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / «Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда бетт...

«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк

Керек кеңес 15.12.2024, 16:25 1,001 dulatbekova
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Сурет: Stopfake.kz

Instagram әлеуметтік желісінде мандарин қабығының пайдасы туралы видео таралуда. Оны сода қосып қайнатса, бір ай қолданғаннан кейін әжімнің 90% кетіретін лосьон шығады екен. Бұл құралдың жасартатын әсері бар ма екенін Stopfake.kz анықтады. 

Мандарин қабығының ерекше қасиеттері туралы ақпаратты америкалық подкастер Брет Вайнштейн таратқан. Ол COVID-19 емдеу әдістері мен ауруға қарсы вакциналар туралы жалған мәлімдемелері, сондай-ақ АИТВ және ЖИТС туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сынға ұшыраған. Атап айтқанда, Вайнштейн ивермектин COVID-19-дың алдын алады және емдейді деп мәлімдеген. Бұл фейк ақпаратты көптеген халықаралық медициналық ұйымдар, соның ішінде ДДҰ жоққа шығарды.

Басқа цитрус секілді, мандарин де С дәруменінің көзі болып табылады. Сонымен қатар, цитрус жемістері натрий, калий, кальций, мыс, темір, магний, марганец, мырыш, фолий қышқылына бай. Олар иммунитетті нығайтады, ішек жұмысын қалыпқа келтіреді, холестерин деңгейін бақылайды, көру қабілетін, тері мен шаштың күйін жақсартады.

Зерттеушілер мандарин қабығының жағымды қасиеттерін атап өтеді. Оның құрамында суперфлавоноидтар санатына жататын антиоксидант бар. Ғылыми еңбектерде суперфлавоноидтардың қандағы холестеринді төмендетуге ықпал ете алатындығы жазылған. Цитрус қабығында кездесетін эфир майлары антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие.
Алайда, аталған артықшылықтарға қарамастан, мандарин қабығы бет терісіне зиян келтіруі де мүмкін. Бұл өте күшті аллерген.

Мандарин терісінен жасалған лосьонды қолдану салдарынан аллергиялық реакция болуы ықтимал, ауыз, ерін, тіл немесе тамақ қышып, ісінеді, есекжем шығып, ауыр жағдайларда тыныс алу қиындайды.

Сода (натрий бикарбонаты) косметологияда тазарту мақсатында жиі қолданылады. Ол терінің ластануын және өлі жасушаларды жояды.  Дегенмен, сода сезімтал теріге агрессивті әсер етіп, тітіркену немесе құрғақтық тудырады, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда.

«Мандарин қабығынан жасалған лосьон бір айда беттегі әжімнің 90% кетіретіні» туралы видеоның ғылыми негізі жоқ. Мандарин қабығының құрамында антиоксиданттар мен эфир майлары сияқты пайдалы заттар бар. Бірақ ол аллергиялық реакциялар да тудыруы мүмкін, ал сода косметологияда қолданылғанымен, сезімтал теріні зақымдауы ықтимал. Бетті жасарту үшін дерматологтар тексерген құралдарды қолдану керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мандарин #әжім #лосьон #жалған ақпарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ»

Бүгін 14:19

Президент Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды

Бүгін 14:08

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Бүгін 14:06

7 және 9 мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бүгін 12:29

АҚШ-та жазушы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас қойылды

Бүгін 12:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);