ffin.kz

Кішкентай сусиыр, қалталы кенгуру және керіктер отбасысы

Кішкентай сусиыр, қалталы кенгуру және керіктер отбасысы Almaty-akshamy.kz

Алматы хайуанаттар бағына пресс-тур қалай өтті


Алматы хайуанаттар бағы Көк-төбе тауының солтүстік беткейінің етегінде 20,645 га аумақта орналасқан. Дәл осы жерде 25 тамызда Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз туры өтті. Журналистер мен операторлар хайуанаттар бағының тұрғындарын жақыннан көруге, жануарлар қараушыларымен танысып, зообақтың даму перспективалары туралы ақпарат алды.



Алматы хайуанаттар бағының коллекциясында 370-тен астам түрі бар 3900-ге жуық жануар тіршілік етеді. Биыл олардың қатарын ақ аю, үш гранта зебрасы, шимпанзе және амур жолбарысы және барыс толықтырды.


Коллекциядағы барлық жануарлар жеті экспозициялық бөлімге жіктелген: «Аквариум», «Экзотариум», «Приматтар», Жыртқыш құстар, Экзотикалық құстар, Тұяқтылар, Жыртқыш сүтқоректілер. Хайуанаттар бағында ветеринарлық бөлім, жем-шөп асханасы, виварий, құрылыс алаңы, автогараж орналасқан.


Хайуанаттар бағына келушілердің ерекше қызығын тудырған Глория есімді сусиыр. Оның ата-анасы хайуанаттар бағының ұзақ тұрғыны Джумбо және Лотти есімді оның ұрғашы сыңары. Бірақ бастапқыда екеуі бірден жұп бола қойған жоқ, деп атап өтті хайуанаттар бағындағы жануар ақараушылары. Бұл соңғы 18 жылдағы алғашқы ұрпақ, хайуанаттар бағының күзетшілері көптен күткен сусиырдың төлін мұқият қадағалайды.



“Еркек сусиырұзақ уақыт бойы жалғыз болды, шамамен 10 жыл. Ересек жануарға жұп табу өте қиын, өйткені хайуанаттар бағында жұптар қалыптасып қойған немесе жас ұрғашыны әкелсен күннің өзінде, оның репродуктивті, жыныстық жетілуін күту қажет. Мәселе жетілген ұрғашыны табуда болды, және қуанышымызға орай оны Францияда орналасқан зообақтан таптық. Ол 8 жаста еді, жыныстық жағынан жетілген. Еркек сусиыр, әрине, оған бірден жақсы қарады, өйткені ол өз жұбын ұзақ жылдар бойы күтті. Бұл жұп бір-біріне ұзақ уақыт үйреніскенімен, олардың арасында жақсы қарым-қатынас орнады және осы жылдың мамыр айында төлдеді. Ұрғашысы 2018 жылы зообаққа әкелінді, ал еркегі Израильден 2009 жылы әкелінген”, - деді Алматы хайуанаттар бағы халықаралық бөлімінің басшысы Айман Едгебаева.



Журналистер сусиырларды тамақтандыру процесін бақылай алды, олардың рационы көкөніс пен жемістерден тұрады. Джамбо қауын мен бананнан дәм татып жатқанда, кішкентай сусиырдың анасы төлін қорғап, келушілерге көрсеткісі келмеді.


Алматы хайуанаттар бағы директорының ветеринария бөлімі жөніндегі орынбасары Ағыбай Әжібаев Израильдегі хайуанаттар бағынан Алматыға 20 кенгуру - қызыл және сұр кенгуру әкелінгенін айтты. Зообақ келушілері қоршаудың арғы жағына кіріп, кенгуру балаларын сипауға мүмкіндік алды. Жалпы, бұл қалталы жануарлар сабырлығымен ерекшеленді.


“Бізде кенгурулар бұрын болған, бірақ жұптар қалыптаспаған болатын. Дәлірек айтсақ, қызыл кенгуруларда ұрғашысы, ал сұр кенгуруларда еркегі болмаған. Бүгінгі таңда жұптар құрылды. Артық жануарларды біз басқа хайуанаттар бағына береміз. Шымкент хайуанаттар бағына екеуін алып кетсе, Қарағанды хайуанаттар бағына да жолдайтын боламыз. Олар көбіне шөп, дәнді дақылдар және көкөністермен қоректенеді. Жалпы, олардың мінезі сабырлы, адамдарға үйретілген, агрессивті емес”, - деп бөлісті А. Әжібаев.


Ары қарай журналистер керіктер отбасын өз қолдарымен тамақтандыруға мүмкіндік алды. Екі еркек пен төрт ұрғашы керіктер зообаққа 2001 жылы Оңтүстік Африкадан әкелінді. Зообақ қызметкерлері атап өткендей, керіктер жұбы жыл сайын төлдеп, ұрпақ беріп келді.


“Біз жыл сайын ұрпақ алдық. Басқа да хайуанаттар бағына бұл керіктер әкелінген, бірақ төлдемеді. Біз басынан, жұптарды бірге қосқаннан бері ұрпақ алып келдік. Жануарларға жайлы жағдай жасағанымызға байланысты болуы керек. Олар ақтал және қарағаш бұтақтарын жегенді ұнатады. Біз әр бас үшін маусым айында қысқы азығын дайындап қоямыз. Қанша бұтақ қажет, оны есептеп, жаңа болуына көз жеткіземіз. Бұл бұтақтарды өндіру мен әкелудің өз мерзімі болады. Біз міндетті түрде көкөністер мен құрама жемді де қолданамыз. Мен тіпті Африкадан осы керіктермен бірге сынамалы құрама жемін де әкелдім, соның негізінде бізге осындай құрама жем әзірленді”, - деп атап өтті А.Едгебаева.


Алматы хайуанаттар бағының тағы бір ерекше тұрғыны - ақ аю. Пурга есімді ұрғашы аю наурыз айында Мәскеудегі хайуанаттар бағынан әкелінді. Алты жасар жыртқыштың диетасы балық пен еттен тұрады, бірақ ол көкөністер мен жемістерден де бас тартпайды. Ол бассейн және бөлмесінде кондиционер орналасқан қоршауда тұрадын. Хайуанаттар бағында жалпы ауданы 1,5 гектар "Арктика" кешенін салу жоспарлануда. Оның бітуімен ұрғашы аюға жұп ретінде еркек аюды алып келетін болады. Келіссөздер қазірдің өзінде жүргізілуде және Швеция мен Варшава хайуанаттар бағындағы екі еркек аюдың біреуін қарастыруда.


Ақ аюлармен көршілес дәл осы кешенде ақтүлкі, полярлық түлкі, полярлық қасқыр және полярлық үкіні қоныстандыру жоспарда. Онда жануарларды барынша табиғи ортаға жақын жағдайда ұстау көзделген. 


Алматы хайуанаттар бағы республикадан тыс кеңінен танымал, дәл осы жерде басқа елдердегі хайуанаттар бағы қызығушылық танытатын жыртқыш құстар көбеюде. Атап айтқанда, хайуанаттар бағы қаршығатәрізділер тұқымдасынан шыққан сақалтай жыртқыш құсын өсірумен танымал.


“Алматы хайуанаттар бағы көптеген жылдар бойы сақалтайды сәтті түрде көбейтіп келді, алайда бір кезеңде жұптың бір дарасы қайтыс болды. Міне, 2019 жылы қайта жұп құрып, 2020 жылы олардан алғашқы ұрпағын алдық. Биыл біз рекордты жаңартып, бір асыл тұқымды жұптан төрт балапан алдық. Бұл әлемдік тәжірибеде сирек кездесетін жағдай, әдетте екі-үш ұрпақ алынса, бірақ төртеуін бірден алдық. Бұл, әрине, біздің жыртқыш құстар бөліміндегі мамандардың жетістігі", - деп бөлісті А.Едгебаева.


Тағыда да бір үлкен қызығушылық тудыратын жануарлар түрі ол ақбөкендер. Қазіргі таңда оларды Алматы хайуанаттар бағында да күтеді. Мұнда негізінен Қарағанды және Орал облыстарындағы питомниктерден әкелінген, құтқарылған тұяқты жануарлар мекендейді. Хайуанаттар бағының қызметкерлері оларды қолға үйретіп, репродуктивті жұптарды құрып қана қоймай, ұрпақ ала алды.


Биылғы жаз ерекше ыстық болды, бұл хайуанаттар бағындағы жануарларға да әсер ететіні сөзсіз. Хайуанаттар бағының қызметкерлері бақтағы жануарларға жоғары температура әсерін азайтып, қолайлы жағдай жасауға тырысуда. Осылайша, хайуанаттар бағында “Қарбызды жазы” акциясы басталып, зообақ қызметкерлері келушілерді оған қатысуға шақырды.


“Биыл жаз өте ыстық болды және осыған орай біз адамдардың қарбыз әкеліп, жануарларды өздері тамақтандыруға мүмкіндік алатындай акция ұйымдастыруды шештік. Акцияның мақсаты - келушілерді, әсіресе ең кішкентай келушілерімізді хайуанаттар бағына тарту, осылайша олар өздері таңдаған жануарды тамақтандыруға мүмкіндік беру. Жалпы, көптеген жануарлар қарбызбен қоректенеді, тіпті жыртқыштартарда, оның ішінде аю, қасқыр, шакал, гиена, пілдер мен сусиырлар. Қазіргі кездің өзінде 200 адамдай жазылды, келушілерді тіркеп, жануарларды тамақтандыру кестесіне қарай белгілейміз. Барлық жануарларға дәмді тағамдар бірдей таратылу үшін келушілерді акцияға қатысып, зообаққа келуге шақырамыз”, - деп бөлісті даму және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ақжами Рахимова.


Сонымен қатар, хайуанаттар бағының басшылығы 2024 жылы “Тропикалық жұмақ немесе маймылдар елі”, “Мадагаскар”, “Қазақ даласы” кешендерінің құрылыс жобасын жасауды жоспарлап отыр. Онымен бірге жаңа ветеринарлық клиника салу, жабайы жануарларды реинтродукциялау орталығы жобалары жасалмақ. Жоспар бойынша 2030 жылға дейін хайуанаттар бағының жалпы аумағының 70 %-ы қайта жаңартылатын болады.


2025 жылға қарай жануарлар коллекциясын 400 түрге (4000 бас) дейін ұлғайту, ал 2030 жылға қарай 500 түрге (7000 бас) жеткізу жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30