AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы заң кімге ти...

«Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы заң кімге тиімді?

Әлеумет 31.01.2022, 04:15 1,246
«Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы заң кімге тиімді?
bankrot33.ru

«Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы заңды асыға күтіп отырғандар көп. Бірақ бұл мүмкіндікті жауапкершіліктен жалтару деп түсінбеу керек.


Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының кеңес төрағасы Елена Бахмутова бірқатар тәуекелді жіктеп берді. Елде жылдан-жылға тұтынушылық несиелеу үлесі артып келеді. Бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 19 процентке тең болса, былтыр 33 проценттен асқан, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Елена Бахмутованың сөзінше, елдегі борышкерлердің 20 процентке жуығы несие өтеу уақытын 3 айдан асырып жіберген. Әсіресе, 300 мың теңгеге дейінгі қарызы барлар тығырыққа тіреліпті. Яғни осындай несие алғандардың тең жартысы бұл. Дегенмен, экономист халықаралық стандартпен сабақтасақ, біздегі жағдайдың айтарлықтай күрделі еместігін ескертті. Бірақ шешім қабылдарда орташа есепті емес, нақты ахуалды бағамдау маңызды дейді.


Бұл үшін несиелеуге мониторинг жүргізу қажет. Елена Бахмутованың айтуынша, заңды әзірлеуде "заңды тұлғалардың банкроттығы" туралы құжатты қаперге алған жөн. Ал банкроттықты сот шешуі керек. Өйткені заң талабына іліккен азамат мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды, кәсіп бастау мүмкіндігі де жоқ. Сол себепті "Жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заң арқылы несиесін төлеуге мүлде жағдайы келмейтін азаматтарға ғана жәрдемдесу керек. Әйтпесе, тұтынушылық қарыз мөлшерлемесі барлық азамат үшін қымбатқа түседі. 



- Адамдар шығындарын несие арқылы өтеуді әдетке айналдырды. Бірақ мұның арты жақсылыққа апармайды. Мемлекеттің сол қарызды кешіруі, банкроттық жариялауы оң шешім емес. Ең алдымен, азаматтарға кірісін арттыруға жәрдемдесу керек. Бұл үшін кешенді жоспар құру қажет сияқты. Жұмыссыздықты азайту маңызды, - дейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының кеңес төрағасы Елена Бахмутова.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұлға #Банкрот #мүмкіндік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);