AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батыр...

Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

Барлығы 20.09.2025, 12:14 790 yakiya
Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
Алматы әкімдігі

Көкпен астасқан асқақ таулар, ерекше сәулет, жайқалған жасыл желек пен көркем көшелер. Алматы бір көрген жанды баурамай қоймайды. Миллиондаған тұрғыны бар алып шаһарда өмір қайнап жатыр. Қаланың көше қозғалысы бір сәтке де толастамайды.

Осындай үлкен әрі қарбалас қалада тазалық пен тәртіпті сақтау оңай шаруа емес. Иә, тазалық ең алдымен әр адамның өзінен басталады. Бірақ біз күн сайын таза көшеде еркін жүріп, қоқыссыз аулалар мен жарқыраған алаңдарды тамашалап жүргеніміз — тынымсыз еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшылардың арқасы екенін ұмытып жатамыз.

Сол себепті Aqshamnews.kz редакциясы қала күні қарсаңында көбіне еңбектері тасада қалып қоятын жандардың жұмысын фото және ақпараттық материалдар арқылы насихаттауды жөн көрді.

Таңмен бірге оянатын тіршілік

Қаланың әр бұрышында таңғы салқынмен жұмысқа кірісетін тазалық сақшылары бар. Олар қоқыс жинап, гүлдерді суарып, жол жиектерін тазалап, ағаштарды кесіп, жапырақтарды сыпырады. Қолдарындағы құрал-сайманымен қаруланған бұл жандар — қаланың көрінбейтін батырлары.

Қызғылт-сары арнайы киім киген тазалық қызметкерлерінің еңбегі көзге көп түсе бермейді. Алайда қаланың санитарлық жағдайы мен сұлулығы тікелей осы жандардың жұмысына байланысты. Көпшілік байқай бермейтін жапырақтың, қоқыстың артында да маңдай тер мен жауапкершілік жатыр.

Тәулік бойы тоқтамайтын жұмыс

Қалада тазалық жұмыстары тәулік бойыатқарылады. "Алматы Тазалық" мекемесініңжұмысшылары екі ауысымда еңбек етеді:

• Бірінші ауысым — таңғы 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін,
• Екінші ауысым — кешкі 19:00-ден таңғы 06:00-ге дейін.

Әр аумаққа жауапты 20–25 адамнан құралған бригада жұмыс істейді. Бірі сыпырса, екіншісі арнайы техникамен тротуарларды жуады, үшіншісі ағаш бұтақтарын кесіп, жасыл желекті ретке келтіреді.

 

Бір аумақта шамамен 20-25 адам жұмыс істейді. Олардың бірі көше сыпырса, бірі арнайы техникамен жаяу жүргіншілер жолын жуады.

Бесаспап маман — Алтай Еспенбетов

Алтай Еспенбетов 2010 жылдан бері «Алматы Тазалықта» жұмыс істейді. Ағаш кесу, гүл суару, жапырақ жинау сияқты маусымдық жұмыстардың бәрін бірдей атқара беретін бесаспап маман. Ол үшін бұл — жай ғана жұмыс емес, қалаға деген жанашырлықтың көрінісі.

 

 

Қаланың көркеюіне күнделікті үлес қосып жүрген жандардың еңбегі — өлшеусіз.

Олардың айтуынша, егер әр тұрғын өз жүрген орнын таза ұстап, қоқысын қоқыс жәшігіне тастаса, сүйікті шаһарымыз одан сайын көркейе түсер еді.

Қаланың тазалығы мен көркеюі тек арнайы мекемелердің ғана емес, әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Тазалық үшін күн-түн демей еңбек ететін қарапайым жұмысшылардың еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету — азаматтық парызымыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін «екі қолға бір күрек іздеген» жандар үшін «Алматы Тазалық» мекемесі жұмыс ұсынатынын хабарлағанбыз.  Қаланың санитарлық тазалығына жауапты «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өз құрамын кеңейтіп, жас қызметкерлерді командасына қосуға дайын. Бұл мүмкіндік, әсіресе, студенттер үшін тамаша мүмкіндік. Бос уақытында қосымша табыс тауып, оқуға да үлгеремін деген жастар үшін  4 сағаттық жұмыс күні қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);