AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы УЕФА-ның үздік се...

"Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы УЕФА-ның үздік сейвтерінің қатарына кірді

Спорт 19.09.2025, 15:19 796 Дина
"Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы УЕФА-ның үздік сейвтерінің қатарына кірді
сурет: instagram.com/f.c.kairat/

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Шерхан Қалмұрзаның есімін Чемпиондар лигасының үздіктері қатарына енгізді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

УЕФА-ның баспасөз қызметі ең үздік сейвтердің топтамасын жариялады. Жазбада олар жанкүйерлерден ұсынылған сейвтердің ішінен ең үздігін таңдауды сұрады. Топ-5 қатарына алматылық команданың 18 жастағы қақпашысының сейві де кірді.  Шерхан Қалмұрза "Спортингке" қарсы матчтың бесінші минутында-ақ команданы голдан құтқарып қалған болатын. 

 

Шерхан Қалмұрзадан бөлек үздіктер қатарына "Галатасарай" қақпашысы Угурджан Чакыр, "Наполи" мүшесі Ваня Милинкович-Савич, "Ньюкасл" голкипері Ник Поуп және "Спортинг" қақпашысы Жуан Виржиния кірді.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза - "Қайраттың" үшінші қақпашысы. Ол негізгі құрамға Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алған соң шықты. Кешегі Лиссабондық "Спортингке" қарсы матчта Қалмұрза ЧЛ-дегі дебюттік матчына шықты. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат ФК #УЕФА
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);