AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Польшадағы қазақ тілі сабағы: Еуропада ұлттық тілд...

Польшадағы қазақ тілі сабағы: Еуропада ұлттық тілді танытып жүрген маман

Әлеумет 19.09.2025, 16:05 520
Польшадағы қазақ тілі сабағы: Еуропада ұлттық тілді танытып жүрген маман
Сурет: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Еуропаның жүрегінде, Польша жерінде қазақ тілін үйреніп жатқан жастар бар. Ал сол жастарға бағыт беріп, ана тіліміздің қадірін түсіндіріп жүрген — қазақ ұстазы Үміт Тұрсынбайқызы. Ол бүгінде Адам Мицкевич университетінде еңбек етіп, шетелдік аудиторияға қазақ және түрік тілін үйретіп келеді.

Познань - тарихы терең, дамыған шаһар

Үміт Тұрсынбайқызы қазіргі таңда Польшаның батысында орналасқан Познань қаласында тұрады және жұмыс істейді. Бұл қала — тек әкімшілік орталық қана емес, поляк ұлтының қалыптасуына негіз болған тарихи мекен. Познань — Варта өзенінің бойында орналасқан.  Ол Польша мемлекеттілігінің алғашқы астанасы әрі қазіргі поляк ұлтының рухани бесігі ретінде кеңінен танылған.

Бүгінде Познань — Польшадағы ең көрікті әрі өзіндік ерекшелігі бар тарихи қалалардың бірі. Қаланың орталығы көптеген музейлер мен тарихи-мәдени орындарға толы. Сонымен қатар, бұл қала елдегі ең дамыған, ең бай шаһарлардың қатарында. 

Оқытушы қағазбастылықтан бос, студент өз құқығын біледі

Үміт Тұрсынбайқызы қазіргі жұмыс істеп жатқан елдегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері туралы айтып өтті. Оның айтуынша, Польшада оқытушы өзінің жұмысынан тыс нәрсеге еш алаңдамайды. Басты назар  - тек оқу процесінде. 

"Әр оқытушы өз кестесін ыңғайына қарай реттей алады. Студенттер де өз құқықтарын жақсы біледі, білімді талап ете алады. Әр семестр соңында оқытушының жұмысына баға береді. Бұл — сапаны арттыруға үлкен ықпал етеді", – дейді маман.

А.Мицкевич университетінде қазақ тілі қашаннан бері оқытылады?

Үміт Тұрсынбайқызының айтуынша А.Мицкевич университетінің Шығыстану институтында қазақ тілі алғаш рет профессор Х. Янковскидің бастамасымен оқытыла бастаған. 2009 жылы доктор Г. Ақтайдың ұсынысымен Қазақтану бөлімшесі құрылып, бүгінге дейін жұмысын жалғастырып келеді.

Бір қуантатыны, қазақ тілі бакалаврда барлық курста оқытылады. Ал  студент саны шамамен 20–25. Олар қазақ және түрік тілін үйренумен қатар, Орта Азиядағы түркі халықтарының тарихы мен мәдениетімен де танысады. Жыл сайын Наурыз мерекесін өткізу дәстүрге айналған. Сондай-ақ қазақ тілі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге ынталы студенттер мен магистранттар бар.

Университет ішінде кез келген шара — мейлі ол ғылыми жоба болсын, мерекелік кеш болсын — ашық талқыланады, ұсыныстар ескеріледі. Басындағы келісімнен артық жұмыс жасалса, еңбек қаржылай бағаланады, онысы нақты әрі әділетті жүзеге асады.

 

Польша мен Қазақстан: ұқсастық пен айырмашылық

Польшада тұрып жатқанына төрт жыл болған Үміт ханым екі елдің тұрмыс-тіршілігін салыстырып, артықшылықтары мен үйренер тұстарын ашық атап өтті.

"Поляктар уақыттың қадірін жақсы біледі. Бізде де бұл түсінік бар, бірақ кейде тиімді пайдалана алмай жатамыз. Ал біздегі адамдардың ашықтығы мен бауырмалдығы — оларда сирек кездесетін қасиет. Бұл жағынан бізден үйренерлері көп", — дейді ол.

Оның айтуынша, Польшада әр атқарылған жұмыс үшін міндетті түрде ақы төленеді, тіпті ол мемлекеттік мекеме болса да. Ал бізде кейбір мемлекеттік ұйымдарда артық жұмысқа ақы қарастырылмаған жағдайлар әлі де бар екенін тілге тиек етті. 

Сонымен қатар, Польшада веломәдениет дамыған, киім үлгісі өте қарапайым, ал қоғамдық орындарда сыпайылық пен тәртіпке ерекше мән беріледі. Қоқысты сұрыптау мәдениеті де әдеттегі көрініске айналған. 

Алайда Үміт ханым Қазақстандағы онлайн қызметтер мен медициналық қолжетімділік бойынша алда екенін аңғартты. 

"Бізде дәрігерге қаралу оңай әрі қолжетімді. Мұнда емделу — қымбат әрі ұзаққа созылады. Сондай-ақ, Қазақстандағы цифрлық қызметтер көп жағдайда жылдам әрі тиімді", – дейді ол.

 

Ұлттық құндылық — үлкен артықшылық

Еуропа жастары заманауи өмір салтына жақын болғанымен,  өздерінің ұлттық болмысына келгенде дәстүрден алшақтап барады. Үміт ханымның айтуынша, қазақ жастары арасында ұлттық құндылықтар мен дәстүрге деген құрмет әлдеқайда жоғары.

"Біздің қазақ жастары ұлттық ерекшелігімізді ұмытпайды, киелі дәстүрлерімізді мақтаныш көреді. Бұл — үлкен рухани байлық", — дейді ол.

 

Шетелге қалай жол түсті?

Үміт Тұрсынбайқызы шетелге көшуінің басты себебі — жұмыс жағдайының жақсы болуы және халықаралық тәжірибе жинақтауға деген ынта.

"Жұмыс шарты мен еңбекақы көңілімнен шықты. Сонымен қатар, кәсіби даму үшін шетелдік тәжірибені көргім келді. Бұл — өзімді сынап көрудің, үйренудің, әрі еліммен бөлісудің тамаша мүмкіндігі", — деп бөлісті кейіпкеріміз.

Үміт Тұрсынбайқызы — Қазақстан мен Еуропа арасындағы мәдени, кәсіби және адами көпір іспетті. Ол шетелде жүріп тек өз кәсібінің майталманы ғана емес, қазақтың өкіліндей, ұлтының абыройын асқақтатып жүрген жан.

Оның еңбек жолы — жаңаға ұмтылған, бірақ тамырын ұмытпаған қазақ әйелінің жарқын үлгісі. Ал біз үшін мұндай азаматтардың бар екенін білу — үлкен үміт пен мақтаныш.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шетел #кейіпкер #Польша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті

Бүгін 13:03

Қанат Ислам Бокс федерациясында басшылық қызметке тағайындалды

Бүгін 12:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика