AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі "Таза Қазақстан" акциясы аясындағы кү...

Алматы әкімі "Таза Қазақстан" акциясы аясындағы күзгі ағаш отырғызу жоспарын талқылады

Барлығы 19.09.2025, 15:37 637 Дина
Алматы әкімі "Таза Қазақстан" акциясы аясындағы күзгі ағаш отырғызу жоспарын талқылады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен қалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру және Алматыны көгалдандыру мен абаттандырудың күзгі науқанға дайындығы бойынша жиын өтті. Кездесуде аудан әкімдіктері мен салалық қызмет өкілдерінің есепбі тыңдалып, жазғы жұмыс қорытындыланды және күзгі егіс маусымы бойынша іс-шаралар бекітілді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Күзгі кезеңде Алматыда биіктігі 4–5 метр болатын 13 мың ірі ағаш және шамамен 100 мың бұта отырғызу жоспарланған. Жұмыстар қаланың 37 аумағында – магистральды көшелер бойында, сондай-ақ саябақ пен скверлерде жүргізіледі. Көктемде биіктігі 6 метрден асатын 2 мың ірі ағаш егілген болатын. Олардың қатарында жөке, шаған, қарағаш, қарағай, күміс үйеңкі және жасыл шырша бар.

Негізгі аумақтардың ішінде – Рысқұлов даңғылы (500 ағаш, бір бөлігі көшіру арқылы сақталады), Жаңа Саин көшесі (500 ағаш), сондай-ақ «Алматы Арена» маңы (60 ағаш). Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көгалдандыру сапалы әрі қаланың климаттық және топырақтық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуге тиіс екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – есеп үшін ағаш отырғызу емес. Маңыздысы – олардың жерсініп, өсіп, қаланың экологиясына ұзақ жылдар пайда әкелуі», – деді ол.

Ағаш отырғызумен қатар Алматыда санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Тек Медеу ауданында соңғы апталарда 60 жерде 31 жергілікті сенбілік өткіп, оған 6 мыңнан астам тұрғын, ерікті және бизнес өкілдері қатысты. 400-ден астам техника жұмылдырылып, 6 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды. Қалада аулаларды кешенді тазалау жұмыстары жүріп жатыр: 158 аула қамтылды, ал 10 қазанға дейін тағы 256 аулада жұмыстар аяқталмақ.

Коммуналдық қызметтердің жұмысына да ерекше назар аударылуда. Наурызбай ауданында арық жүйесін тазалау бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатыр: ол 92 көшені, жалпы ұзындығы 100 км-ден астам аумақты қамтиды. Жұмысшылар мен арнайы техника жұмылдырылған. Екі апатты өткел жөнделіп, тағы екеуінің құрылысы басталды, олар қазан айының ортасына дейін аяқталады.

Сонымен қатар қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде – тәулік бойы үш ауысымда жұмыс істеп, көшелерді уақытылы тазалауды және әрбір ауданда тәртіпті қамтамасыз етуде.

Сонымен бірге аулаларды абаттандыру жалғасуда: өткен жылы 18 аулада қоршаулар орнатылған болса, биыл тағы 8 км-ден астам қоршау қою жоспарланған. Қаладағы қоқыс жәшігінің мағына бейнабақылау камералары орнатылуда: биылдың өзінде 220 камера қойылды, тағы 122-сіне өтінім берілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);