AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жалған терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік қанш...

Жалған терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік қанша жастан басталады?

Әлеумет 03.06.2025, 13:02 1,893
Жалған терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік қанша жастан басталады?
Cурет: freepik.com

Орын алған немесе дайындалып жатқан терроризм актісі жөнінде белгілі болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабар беру – әрбіріміздің азаматтық міндетіміз болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес ол жөнінде жалған хабар беру – қылмыс, заңмен жазаланады.

 

Терроризм актісінің орын алғаны немесе дайындалып жатқаны туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлау – әр азаматтың міндеті. Алайда, осындай оқиға туралы жалған мәлімет беру – заң бұзушылық болып табылады және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Соңғы жылдары елімізде көпшілік жиналатын орындарда, атап айтқанда, әуежайлар, теміржол вокзалдары, сауда орталықтары және басқа да әлеуметтік нысандарда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы жалған хабарламалар азая бастаған.

 

Жалған ақпарат берушілердің ең үлкен қателігі – өздерін ешкім таба алмайды деп ойлауы. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарында қоңырау шалушының орналасқан жерін тез анықтап, оны жауапқа тартуға барлық техникалық мүмкіндіктер бар.

 

Жарылғыш құрылғы туралы хабар түскен кезде жедел қызметтер дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап, іздестіру операцияларын жүргізеді.

 

Телефон терроризмінің себептері әртүрлі: әдейі бұзақылықтан бастап жауапсыз әзілдерге дейін. Мысалы, әуежайларда кейбір жолаушылар тексеру кезінде "жүк ішінде не бар?" деген сұраққа "бомба" немесе "граната" деп қалжыңдап жатады. Бірақ бұл "әзілдің" салдары қаншалықты ауыр болатынын олар түсінбейді.

 

Осындай бір ғана "әзіл" көп күш пен ресурсты жұмылдыруға, адамдарды эвакуациялауға, рейстердің тоқтатылуына немесе кешіктірілуіне алып келеді. Мұндай жағдайлардың көпшілігінде бұл қылмыстар мас күйде жасалады, және олардың салдары туралы ойланбайды. Сот кезінде кінәлілер өз әрекеттеріне өкінетінін айтуда.

 

ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарлау үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, түзету жұмыстары, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, жалған террористер оқиға орнына жедел қызметтердің шығындарын толығымен өтеуге міндетті.

 

ҚР ІІМ мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда жалған терроризмге қатысы бар деген күдікпен 290 адам ұсталып, оның 258-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

 

2023 жылы Алматы әуежайында "миналанған" деген жалған хабар түсіп, кейіннен бұл қоңыраудың 14 жастағы бала тарапынан жасалғаны анықталды. Жасөспірімнің жауапсыз әрекеті үшін оның ата-анасы жауапқа тартылды.

 

Айта кету керек, жалған терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терроризм #жастар #Жаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика