AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ғылымға құмар жас ғалым

Ғылымға құмар жас ғалым

Әлеумет 30.09.2021, 04:08 1,359
Ғылымға құмар жас ғалым
zakon.kz

Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде жастарды қолдауға басымдылық беріліп, осы бағытта көптеген шаралар жүзеге асты. Соңғы уақыттарда ел жастарына жан-жақты қолдау көрсету қарқын алып келеді. Оның ішінде жастардың білім алуына барынша жағдай жасалып жатқаны белгілі. Соның нәтижесінде жастар арасында ғылымға деген қызығушылық күн санап артып келеді.


Бүгінде елімізде ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен 384 ұйым айналысады. Оған 22 378 адам тартылып, 17 454 маман-зерттеуші жұмыс істейді. Соңғы жылдары ғылыми салаларға жастардың ағыны артқан. 35 жасқа дейінгі ғалымдардың саны 2011 жылғы 6,4 мың адамнан 2020 жылы 8,1 мың адамға дейін өсті.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық ғалымдарға қолдау көрсету және ғылымның дамуына жанжақты ықпал етуді жиі айтатыны белгілі. Осындай қолдаудың шешімдерінің бірі ретінде ғылыми жобаларды қаржыландыруды жатқызуға болады. 2020–2022 жылдарға арналған жас ғалымдар зерттеулерін гранттық қаржыландырудың жалпы көлемі 9 млрд. теңгені құрайды.


Ғылыми зерттеулерді іске асыру ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындайтын ғылым- ды дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүргізіледі. Талдау көрсеткендей, қазақстандық ғалымдар үшін гранттардағы үлесі 58,5% көрсетеді.



Өткенге көз жүгіртсек, 2017 жылы 1547 ғылыми жоба және 2015–2017 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 95 ғылыми жоба грант ұтып алды. Жобаларды орындаушылар санының 35% (7413 адам) – жас ғалымдар. Зерттеу топтарының құрамындағы шетелдік ғалымдар саны – 716 адам (ГФ бойынша – 665, ПЦФ бойынша – 51 адам).



Осындай ерен еңбек пен сындарлы саясаттың арқасында ғылыммен айналысатын жастардың жұмыссыз қалмауына кепілдік беріледі. Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай еліміздегі ғалымдардың үлесі 1,5 есе ұлғайып, 34 мың адамға жетеді деп күтілуде.


Бұл туралы ғылыми комитеттің төрағасы Жанна Құрманғалиева ғылыммен айналысатын жастарға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп жатқанын айтып, жастардың болашақта жұмыссыз қалмайтынына сенімді екенін жеткізді:



– Президент былтырғы Жолдауында жыл сайын жас ғалымдарға кемінде 1 мың грант бөлуді тапсырған болатын. Жақын арада конкурс жарияланады. Жыл сайын постдокторантураға PhD қорғап шыққан жас ғалымдарға 3 жылдық грант бөлінеді. Гранттардың құны 24 млн. теңгені құрайды. Жас ғалымға кемінде 1 мың доллардай стипендия төленеді, қалғаны ғалымға жетекшілік ететін ғылыми ұйымға тиесілі болады. Бұл ретте екі шарт бар: жас ғалымның сол институтта немесе жоғары оқу орнында жетекшісі және шет елде мықты, тәжірибелі ғылыми кеңесшісі болуы керек. Сондайақ, ғылымда қалуға талпынысы, жоспары, іске асыратын ғылыми идеясы болуы шарт. Ғылыммен айналысатын жастар жұмыссыз қалмайды, – дейді комитет төрағасы.



Бүгінде іске асырылып жатқан 315 жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 3 жылға 17,8 млрд. теңгені құраған. Конкурс жыл сайын өткізіледі. Жас ғалымдар болашағына, ғылыми әлеуетіне се

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым #жастар #Қазақтан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика