AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғылым мен мәдениеттің тоғысқан тұғыры

Ғылым мен мәдениеттің тоғысқан тұғыры

Білім және ғылым 11.12.2024, 15:23 1,400 yakiya
Ғылым мен мәдениеттің тоғысқан тұғыры
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик Әбдуәли Қайдардың 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конгресс өтті. 

Бұл шара қазақ және түркі әлемі ғылымының жаңа кезеңін белгілеп, ғылыми және мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналды.

Конгресті кіріспе сөзімен бастаған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев академик Әбдуәли Қайдардың ғылыми мұрасы мен оны насихаттаудың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауы конгрестің рухын көтеріп, ғылым саласында Әбдуәли Қайдардың есімін ардақтауға арналған шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, Халықаралық Түркі Академиясының президенті Мұстафаев Шаһин, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Кенжеханұлы Рауан, «Türk Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының вице-президенті Шахин Харун, сөз сөйлеп, түркі әлемінің ғылыми ынтымақтастығына үлес қосу жолындағы академиктің еңбектерін жоғары бағалады.

Конгресс аясында академик Әбдуәли Қайдардың өмірі мен шығармашылығын дәріптейтін арнайы бейнебаян көрсетілді. Бұл бейнематериал қатысушыларға ғалымның терең ойларын, ғылымдағы сара жолын және жеке тұлғалық қасиеттерін еске салды.

Модераторлар қатарында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Фазылжан Анар Мұратқызы және филология ғылымдарының докторы Авакова Раушан Амирдинқызы болды. Олар шараның мазмұнын жүйелі түрде бағыттап, пікірталастардың кәсіби деңгейін қамтамасыз етті.

Конгрессте тіл, мәдениет және жаһандану, түркітану, этнолингвистика бағыттары бойынша баяндамалар жасалды. Ахмет  Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Манкеева Әбдуәли Қайдардың лингвофилософиялық көзқарастары жайлы баяндады. Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, драматург Нұрлан Оразалин және Түркиядағы Еге Университетінің профессоры, Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің басшысы  Мустафа Өнер түркітану мен қазақ этносының мәселелеріне тоқталды.

Ғылыми жинақтардың тұсаукесерінде «Ертеңін ойла еліңнің», «Мәдениет ~ өркениет ~ жаһаният контексіндегі гуманитарлық ғылым: тіл, этнос, қоғам» және «Халық даналығы»  атты жаңа еңбектер ұсынылды. Гүлдархан Смағұлова этнолингвистика мен фразеология саласындағы жаңа бағыттарды атап өтті.

Конгресс аясында өткен көрмелер:
•    Әбдуәли Қайдардың мұрасы: Ғалымның сирек кездесетін қолжазбалары мен еңбектері ұсынылды.
•    Ұлт мұрасы – қолөнер: Қазақтың ұлттық мәдениетін айшықтайтын дәстүрлі өнер туындылары көрермен назарына ұсынылды.
Секциялық мәжілістерде қатысушылар Әбдуәли Қайдардың ғылыми мұрасының қазіргі түркітану ғылымы үшін өзектілігін және жас зерттеушілер үшін тың жол ашатын мүмкіндіктерін талқылады.

Бұл халықаралық конгресс тек Әбдуәли Қайдардың еңбектерін насихаттап қана қоймай, қазақ және түркі ғылымдарының жаңа көкжиегін ашты. Түркі халықтарының лингвистикалық ынтымақтастығын нығайту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және жас ғалымдарды ғылымға тарту мәселелері бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
 

Авакова Раушан Амирдинқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  

Утемгалиева Насихат Адайхановна – PhD, доцент м.а., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  

Каспакбаева Гульзат Бейсенгалиевна – PhD докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әбдуәли Қайдар #ҚАЗҰУ #конгресс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);