Алматы қаласы әкімінің орынбасары мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы медициналық ұйымдарды аралады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы медициналық ұйымдарды аралады Сурет: pixabay.com

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов жұмыс сапарымен медициналық ұйымдарды аралады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сапар барысында олар жетекші қалалық клиникалардың жұмысымен, медициналық көмек көрсету жағдайымен және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жоспарымен танысты.

Ең әуелі олар Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына барды. Аурухана алматылықтар мен өзге өңірден келген пациенттерге шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Сапар барысында олар аурухананың қабылдау бөлімі, жансақтау және ота жасау блоктары, сондай-ақ жағдайды талдау орталығында болып, 2026 жылға жоспарланған ғимараттың қасбетін күрделі жөндеу және цифрлық технология енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Одан кейін Қалалық кардиологиялық орталығын көріп шықты. Мұнда кардиохирургия саласындағы жетістіктер таныстырылды. Инновациялық әдістер мен заманауи жабдықтың енгізілуі арқасында орталыққа қаралушылар саны артқан, ал өлім көрсеткіші едәуір төмендеген.

Одан кейін Қалалық ревматологиялық орталыққа - қаладағы бірегей моноталдаулы клиникаға барды. Мұнда күніне 150-ден астам пациентке консультациялық көмек көрсетіліп, жыл сайын шамамен 2700 адам стационарлық ем алады. Мұнда қаладағы жалғыз аутоиммундық диагностика зертханасы бар

Кейін басшылар Қалалық адам репродукциясы орталығында болып, онда аяқталған күрделі жөндеумен танысты. Мұнда пренаталдық және неонаталдық скринингтен бастап, «Бір күндік клиника» форматындағы қызметтер мен балалар гинекологиясына дейінгі кең ауқымды медициналық көмек көрсетіледі. Алдағы уақытта ЭКО орталығы мен Генетикалық зерттеулер институтын ашу жоспарланған.

Сондай-ақ, делегация Орталық қалалық клиникалық ауруханаға да барды. Мұнда жаңа корпустың құрылысы жобасымен танысып, КТ және МРТ кабинеттері бар диагностикалық бөлімде болды.

Жұмыс сапары аясында олар Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында да болды. 352 орынға арналған стационарда жыл сайын шамамен 100 мың балаға көмек көрсетіледі. 2024 жылдан бастап мұнда халықаралық Emergency стандартына сай жаңа қабылдау бөлімі, жансақтау және ота жасау блогы жұмыс істейді. Орталық заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған әрі елдің оңтүстік өңіріндегі жалғыз балалар күйік бөлімімен және Қазақстандағы жалғыз балалар офтальмологиялық бөлімімен ерекшеленеді.

Қазір орталықта 60 жылдық тарихы бар негізгі ғимаратты кезең-кезеңмен қайта жаңғырту жобасы әзірленіп жатыр, оған инженерлік жүйе мен инфрақұрылымды жаңарту кіреді.

Сондай-ақ, делегация Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында болды. 360 орынға арналған бұл стационарда 1980 жылы салынған ғимаратты күрделі жөндеу мәселесі талқыланды. Аурухана тәулік бойы жұқпалы аурумен ауыратын балаларға көмек көрсетіп, қаланың инфекциялық қызметіндегі негізгі буын болып табылады.

Қалалық қан орталығына барумен сапар аяқталды. Мұнда донорлық қанды скринингтен өткізуге арналған бесінші буындағы заманауи жабдық орнатылған, бұл адам факторын толықтай жояды. 2025 жылдың тоғыз айында орталықта шамамен 14 мың рет қан мен оның компоненттері донорлыққа қабылданды.

Жұмыс сапары Алматы қаласында медициналық көмек сапасын арттыру және қалалық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:50

15:26

15:17

15:08

15:01

14:50

14:23

14:22

14:07

12:59

12:30

12:07

11:45

11:25

11:05

10:37

10:36

10:25

10:21

09:52

09:14

09:06

08:50

21:54

21:53