"Робот па, адам ба?" Қала көшесінен тау шыңына дейін тоқтаусыз жүгірген жігіт көпті таңғалдырды

  • 16:30, 09 қазан 2025
"Робот па, адам ба?" Қала көшесінен тау шыңына дейін тоқтаусыз жүгірген жігіт көпті таңғалдырды Коллаж: aqshamnews.kz

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінен бастап, Құмбел шыңына дейін тоқтаусыз жүгірген жігіттің бейнесін көрген боларсыз. Жұрт оның әрекетіне таңғалып, түрлі пікір жазып жатыр. Аqshamnews.kz тілшісі жүгіруді өмірлік хобиіне айналдырған Арсан Әлімхан есімді азаматты тауып әңгімелесті. 

"Өкпең өшкенше жүгір". Арсанды не шабыттандырады? 

Арсан Әлімхан - Қонаев қаласының тумасы. Желіде өзінің хоббиін ерекше форматта бөлісіп отыратын 24 жастағы жігіт, үздіксіз жүгіру арқылы нені көздейтінін айтты. 

"Жүгіру, тауға шығу, уақытымда таза ауада өткізу - менің сүйікті ісім. Арнайы осылай жүгіру үшін ешқашан жаттыққан емеспін. Тіпті марафондарға да қызықпаймын. Кейінгі үш айда желіде осындай контент бастадым. Онда маған пікірлір бөліміндегі адамдар "өкпең өшкенше жүгір", "сары түс көргенше жүгір", "тау шыңына дейін жүгір" деген сынды тапсырмалар береді. Мені сол діттеген нүктеме жеткен кездегі сезім шабыттандырады", - дейді ол. 

5 сағат 30 минут: тауға дейін тоқтаусыз жүгіру қаншалық қиынға соқты?

Арсанның желіге жүктеген кейінгі маршруты жұртты таңдай қақтырмай қоймады. Оның Назарбаев-Розыбакиев көшелерінің қиылысынан бастап, Құмбел шыңына дейін шамамен 40 шақырым жолды тоқтамай жүгіріп жеткен видеосы желіде 4 милионнан астам қаралым жинаған. Арсан толығырақ былайша баяндады:

"Қаладан басталған сапарым шамамен 30-40 шақырымға созылды. Құмбел шыңына 5 сағат 30 минутта жеттім. Өте қатты шаршадым. Оңай болмады. Себебі жол жазық емес, өрге қарай болды. Бұл екі есе күш түсіреді. Десе де, жоғарыда айтқанымдай көздеген жеріме жетпей қоймайтын жанмын" ,- деп қосты ол. 

"Тауда қонғанымда бастырылып қалдым"

Бұл маршрут Арсан үшін үйреншікті жайтқа айналған. Оның 50 шақырымнан асатын сапарлары да болған. 

"Ең ұзыны шамамен 40–50 шақырым болды. Ол - УАК-қа баратын жолдан Турист шыңына дейін, әрі қарай Терра алаңына қарай төмен түсетін бағыт. Жалпы тауға шығу кезінде неше түрлі жағдайлар болды. Бірде қыста Көк Жайлауда шатырсыз, тек ұйықтайтын қаптың ішінде түнеген кезімде бастырылып қалған едім. Сол сәт мен үшін өте қатты үрейлі болды" ,- деп еске алды Арсан.

"Табиғаттың ғажайыбын танытып, еркіндікті сезіндіргім келеді"

"Тау баласына" айналған Арсан табиғаттың түрлі ғажап нүктелерінен контент түсіргенді жаны сүйеді. Ол осы ісі арқылы жастарды белсенді өмірге қызықтырғысы келетінін жеткізді.

"Осындай ұзақ сапараларды толық видеомен беруді батыс контенттерінің бірінен байқап, өзім де қайталап көрдім. Адамдарға өте қызық екен. Оларды таңғалдыру маған да шабыт сыйлады. Әр сапарымды ерекше бейнежазбаларға айналдырып, өзім секілді жастарды табиғаттың сұлулығын көруге, еркіндікті сезінуге шақырғым келеді. Расында әлем ғажайыпқа толы. Тек оны көру керек, сезіну керек", - деп түйіндеді Арсан. 

Айта кетейік, Арсан қазір өзінің немен айналысатынын жасырып қалуды сұрады. Оның айтуынша, адам немен айналысса да, өз ісін сүйікті бағытымен ұштастыруға тиіс. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:44

17:36

16:51

16:43

16:42

16:39

16:37

16:36

16:30

16:10

16:08

15:50

15:26

15:17

15:08

15:01

14:50

14:23

14:22

14:07

12:59

12:30

12:07

11:45

11:25