Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар 31 желтоқсанды демалыс күні деп жа...

Қазақстандықтар 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды сұрады

Әлеумет 09.10.2025, 16:51 554
Қазақстандықтар 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды сұрады
Сурет: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде 31 желтоқсанды ресми демалыс күні деп жариялау талқылады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстандықтар не дейді?
Желі қолданушысы жазба жариялап, бұл мәселеге қатысты қазақстандықтардың пікірін сұраған.

"Кім 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды қолдайды? Негізі бәрібір ешкім жұмыс істемейді, жұмыста жай отырамыз, ал үйде істейтін шаруа, дайындық бар", - деп жазды автор.

31 желтоқсанның мәртебесі туралы пікірталас толастар емес. Бірі мерекеге сабырмен дайындалу үшін қосымша демалыс күнін сұраса, екіншілері дәрігерлер, көлік, дүкендер мен жедел қызметтер жұмыс істеуі тиіс екенін еске салады.

Еңбек министрлігінің ұстанымы

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдаған едік. Ведомство 31 желтоқсан мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейтінін еске салды.

Министрлік түсіндірмесі:

Қазақстанда демалыс күндері тек мемлекеттік және ұлттық мерекелер болып саналады. Жаңа жыл 1 және 2 қаңтарда тойланады;
жұмыс берушілер 31 желтоқсандағы жұмыс күнін өз қалауы бойынша қысқарта алады;
31 желтоқсанды ресми демалыс күні ету үшін заңға өзгеріс енгізіп, бұл мәселені үкімет деңгейінде қарастыру қажет.

"Азаматтардың демалысқа конституциялық құқығын сақтау және жұмыспен қамтылған халықтың басым бөлігінің әлеуметтік мүдделерін ескеру мақсатында 31 желтоқсанды демалыс күні ретінде бекіту орынды емес деп санаймыз", делінген жауапта.

Сонымен қатар министрлік демалыс күндерін ауыстыру мүмкін екенін, бірақ мұндай шешімдер күнтізбе мен экономикалық жағдайға байланысты алдын ала қабылданатынын нақтылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#желтоқсан #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі