Көшеде бұралқы иттер мен мысықтарға тамақ беруге бола ма, әлде тыйым салынған ба?

  • 14:50, 09 қазан 2025
Көшеде бұралқы иттер мен мысықтарға тамақ беруге бола ма, әлде тыйым салынған ба? depositphotos.com

Көпқабатты үй тұрғындары ауласындағы әйелге полицияға шағымданбақ. Себебі ол үйдің маңындағы саябақта көгершіндерге жем шашады. Ал құстардың "қалдығы" айналаны ластап, иіс шығарады.  Әйелдің айтуынша,  ол "ізгі іс" жасап жүр. Ал бұған заң не дейді? Аqshamnews.kz тілшісі бұл сұрақтың жауабын іздеп көрді. 

Жануарларды тамақтандыру заң бұзу ма?

Мәселе тек көгершіндермен шектелмейді. Көшеде ит-мысыққа, саябақтағы тиіндер мен басқа да жабайы құстарға жем беретіндер де бар. Бірақ мұның бәрі – айналаны ластау ма, әлде қайырымдылық па?

Қазақстан заңдарында жануарларға жем беруге тыйым салатын нақты бап жоқ.
Мысалы:

  • "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңда,
  • "Жабайы жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы" заңда,
  • елді мекендердің көркейту ережелерінде
    және тіпті Әкімшілік кодексте (ҚР ӘҚБтК) де мұндай тыйым жазылмаған.

Тіпті үй жануарларын қоғамдық орында тамақтандыру да ресми түрде тыйым салынған іс емес.

Адаам не үшін жазалануы мүмкін?

Заң бойынша, әкімшілік жаза жануарларды тамақтандырғаны үшін емес, оның салдарынан, яғни ластанған аумақ үшін қарастырылған.

Мұнда екі бап бар:

  1. 432-2-бап"Қоғамдық орындарды ластау"

    Қоғамдық орындарды, саябақтарды, аулаларды және т.б. жерлерді ластау - 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 40 сағат қоғамдық жұмыс.

  2. 505-бап"Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру ережелерін бұзу"

    Бұл бап ауқымдырақ: егер адам тұрғын үйдің ауласын, кіреберісті немесе жеке аумақты ластаса - 20 АЕК айыппұл салынады.

Айырмашылығы неде?
  • Егер адам саябақта, скверде, көшеде, аулаларда (көпқабатты үйлердің) жем шашса - 432-2-бап қолданылады (10 АЕК).

  • Ал егер мектеп, аурухана, спорт кешені сияқты қоғамдық нысандарда немесе жеке үй ауласында лас қалдық қалдырса - 505-бап бойынша (20 АЕК) жазаланады.

Мысалы:

  • Біреу пәтер подъезінде темекі тұқылын тастаса – 20 АЕК.
  • Ал дәл сол тұқылды ауланың сыртында тастаса – 10 АЕК.

Заңның қисыны осындай.

Ал көгершінге жем беру айналаны ластау болып ма?

Жоқ, егер артынан қоқыс қалмаса, адам заң алдында жауап бермейді.  Полиция айып салу үшін тікелей себеп-салдар байланысын дәлелдеуі керек

  • Егер көгершіндер жегеннен кейін аула түгел нәжіске толса,
  • немесе тамақ қалдығы қоқыстың пайда болуына, тіпті тышқан қаптауына себеп болса, онда иә – бұл қоғамдық орынды ластау деп танылуы мүмкін.

Бірақ мұны дәлелдеу өте қиын. Сондықтан заңның 10-бабы бойынша әр күмән азаматтың пайдасына шешіледі.

Қайырымдылық пен заң арасындағы шекара

Көп адам жануарларды жаны ашығандықтан тамақтандырады. Бұл, заң тілімен айтқанда, "жануарларға адамгершілікпен қарау қағидаты" (3-бап, 4-тармақ) болып саналады. Мемлекет, керісінше, халықта осындай мейірім мен жауапкершілікті қалыптастыруы тиіс (5-бап, 1-тармақ).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:51

16:43

16:42

16:39

16:37

16:36

16:30

16:10

16:08

15:50

15:26

15:17

15:08

15:01

14:50

14:23

14:22

14:07

12:59

12:30

12:07

11:45

11:25

11:05

10:37