AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 17 қазандық жаңғыртылды: қала «ақылды» жы...

Алматыда 17 қазандық жаңғыртылды: қала «ақылды» жылу жүйесіне көше бастады

Барлығы 09.10.2025, 16:37 881
Алматыда 17 қазандық жаңғыртылды: қала «ақылды» жылу жүйесіне көше бастады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жылу шаруашылығын жаңғыртудың ең үлкен кезеңі аяқталып қалды. «Алматы қаласын дамыту жол картасы» аясында «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС-нің 17 қазандығы жөнделді. Бұл — қаладағы барлық нысандардың шамамен 20%-ы. Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде осылай деп хабарлады.

Жөндеу жұмыстары Түрксіб, Медеу, Алатау мен Жетісу аудандарында жүргізілді. Жобалар аясында ескірген жабдықтар ауыстырылып, басқару жүйелері жаңартылды, жаңа деаэраторлар, сорғылар мен аккумуляторлық бактар орнатылды, сондай-ақ осы заманғы қазандық ғимараттары салынды.

«Кәсіпорын қазандықтарды жөндеу, жаңарту мен қайта құру бойынша көп жұмыс істеді. Басты мақсатымыз — қала тұрғындарын сенімді, қауіпсіз және тиімді жылумен қамтамасыз ету», — дейді басқарма басшысы.

2026 жылы жол картасы аясында тағы 20 қазандықты жаңарту жоспарланып отыр. 2030 жылға дейін 61 нысан жаңғыртылмақ. Бұл қаладағы жылу жүйесінің қуатты үнемдеп, сенімді әрі таза болуын қамтамасыз етпек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жылу #жылу қазандықтары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);