AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда сарқынды суларды зерттеуге 120 млн теңге...

Алматыда сарқынды суларды зерттеуге 120 млн теңге бөлінді

Әлеумет 09.10.2025, 15:08 431
Алматыда сарқынды суларды зерттеуге 120 млн теңге бөлінді
интернеттен

Олжас Бектенов Алматыдағы Сорбұлақ су қоймасындағы суға қатысты депутаттық сауалға берген жауабында жүргізілген зерттеулер туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, Сорбұлақ жинақтағышынан алынған су сынамаларының микробиологиялық, паразитологиялық және пестицидтік көрсеткіштері бойынша зерттеулерді Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылы жүргізген. Зерттеу нәтижесінде кейбір сынамалардың, оның ішінде микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша, санитарлық талаптарға сай келмейтіні анықталған.

"2025 жылдың бірінші жартыжылдығында вирустық көрсеткіштер бойынша топырақтан екі сынама алынып, зерттелді – ешқандай сәйкессіздік анықталған жоқ. Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы қаласының әкімдігіне жинақтағыштағы суды тек тазарту жұмыстары жүргізіліп, санитарлық және паразитологиялық нормативтерге сәйкестік қамтамасыз етілген жағдайда ғана пайдалануға болатыны туралы ақпарат берді. Әйтпесе, суды пайдалану қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін ұзақмерзімді жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін", – делінген Премьер-министрдің жауабында.

Осыны ескере отырып, гидрогеологиялық және геологиялық зерттеулер, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымға қайта тексеру жүргізілетін болады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін қалалық мәслихаттың шешімімен жергілікті бюджеттен 120 млн теңге бөлінді.

"2025 жылғы 3 шілдеде әкімдік "Сорбұлақ су қоймасындағы судың және түбіндегі шөгінділердің сапасын бағалау мақсатында гидрогеологиялық және геологиялық зерттеулер жүргізу" нысаны бойынша мердігер ұйым – "Қазгипроводхоз институты" ЖШС-мен келісімшарт жасасты. Зерттеулерді жүргізу мерзімі – 9 ай. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылғы сәуірге жоспарланған", – деп атап өтті Премьер-министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сорбұлақ #су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика