AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Наурызбай ауданында балабақшалар жаңарты...

Алматының Наурызбай ауданында балабақшалар жаңартылып жатыр

Барлығы 09.10.2025, 14:23 715
Алматының Наурызбай ауданында балабақшалар жаңартылып жатыр
Алматы әкімдігі

Жыл басынан бері үш мекеме жөндеуден өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты 2025 жылы аудандағы бірқатар балабақшаны жөндеу үшін қаржы бөлген еді. Соның арқасында мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, тәрбиеленушілер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта жасалды.

Бүгінде 3 балабақша жергілікті бюджет есебінен жөнделді. Соның нәтижесінде Наурызбай ауданындағы 575 бүлдіршін санитарлық және білім беру талаптарына сәйкес келетін заманауи балабақшада тәрбиеленіп жатыр.

Мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі іс-шаралар аясында 2025 жылы Наурызбай ауданындағы үш балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар «№193 бөбекжай-балабақша», «№45 бөбекжай-балабақша» және «№172 бөбекжай-балабақша». Аталған балабақшалардың іші әрленді, шатырлары, есіктері, едендері жаңартылды, сантехникалық торабы ауыстырылды. Балабақшалар сейсмикалық тұрғыда күшейтілді, орындықтар қойылып, айналасы қоршалып, абаттандырылды.

Наурызбай ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жүргізілген барлық іс-шаралар мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері үшін қауіпсіз, жайлы және заманауи орта құруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы педагогтері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды

Бүгін 16:27

Алматының Наурызбай ауданында Төле би және Жұбанов көшелерін ұзарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 16:17

Алматының Наурызбай ауданында жаңа саябақ пен 35 көркейту жобасы жүзеге асырылады

Бүгін 15:47

Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 3 балабақша ашылады

Бүгін 15:35

Наурызбай ауданында медициналық инфрақұрылым дамып, жаңа емханалар ашылуда

Бүгін 15:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);