Елде барлығы 400-ге жуық өрт сөндіру бекеттері жыл бойына жұмыс істейді

Елде барлығы 400-ге жуық өрт сөндіру бекеттері жыл бойына жұмыс істейді Сурет: Gov.kz

Үкімет отырысында өрт қауіпті кезеңге дайындық және су тасқыны мәселелері қаралды

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев өрт қауіпті маусымға дайындық және елдегі су тасқыны жағдайына ден қою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында алдын алу іс-шараларының кешені әзірленіп, іске асырылуда. Экология министрлігімен бірлесіп ведомствоаралық жоспар бекітілді, табиғи өрттерге, оның ішінде шекаралас мемлекеттермен ден қою алгоритмдеріне түзетулер енгізілді.

Өңірлерде аумақты тазарту және жер жырту жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ орманды дала алқаптарында профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мобильді топтар қазірдің өзінде өрт қауіпсіздігі талаптарының 475 бұзушылығын анықтады.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес алдағы жаз құрғақ болады деп күтілуде, бұл табиғи өрттердің орын алу қаупін арттырады. Осыған байланысты мониторинг шаралары күшейтілді: «Орман» және «Табиғат» ақпараттық жүйелері, орман шаруашылықтарындағы бейнебақылау, космомониторинг және ТЖ ГАЖ деректері пайдаланылады.

ТЖМ Командалық орталығында тәулік бойы жедел топ жұмыс істейді. Орман алқаптары бар өңірлерде ТЖМ және табиғат қорғау мекемелері әуе кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің су ағызу құрылғылары бар әуе кемелерін тарту алгоритмі бекітілді. Потенциалды қауіпті аймақтарда ұшқышсыз ұшу аппараттары іске қосылатын болады. Өрт қауіпті жағдайды бақылау үшін күнделікті әуеден шолып қарау жоспарланған.

Мамыр айында авиацияны қатыстыра отырып, Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар, сондай-ақ өрт сөндіру бекеттері және ерікті өрт сөндіру құралымдарымен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі.

Ауылдық жерлерді төтенше жағдайлардан қорғау деңгейін арттыру мақсатында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы іске қосылды. Красная поляна, Қызылсуат, Жарсуат, Матыбұлақ және Глуховка ауылдарында жаңа форматта бес өрт сөндіру бекеті ашылды. Аталған бекеттер қажетті техникамен, жабдықтармен және нысанды киім-кешекпен қамтылып, еріктілерге жағдайлар жасалды. Қолданыстағы барлық бекеттерде жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Елде барлығы 400-ге жуық өрт сөндіру бекеттері жыл бойына жұмыс істейді. Министрлік жергілікті атқарушы органдарға бекеттер желісін кеңейту үшін 185 бірлік өрт сөндіру техникасын беруге дайын.

Азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары табиғи өрттерге жедел ден қоюға дайын. Павлодар облысы мен Абай облысындағы екі ірі орман өртін сөндіруге Министрліктің күштері мен құралдарын жөнелту жүзеге асырылды.

Министрлік алдағы өрт қауіпті маусымда табиғи өрттердің алдын алу, оларды ерте анықтау және жою жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Былтырғы жылғы су тасқынына жүргізілген талдауды ескере келе, елді мекендерді тасқын судан қорғаудың тиімді шаралары қабылданды. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қауіпті учаскелер мен гидротехникалық құрылыстар бақылауға алынды, су тасқынын болдырмау іс-шараларының іске асырылуы тексерілді.

Өңірлерде 590 шақырым қорғаныс бөгеттері мен біліктеріне,  164 шақырым дренаж жүйесі,   658 шақырым каналдар мен арықтар нығайтылды, жөнделіп салынды, тұрғызылды. Өзен арналарындағы 360 шақырым жағалау бекітіліп, түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, 190 шақырым өзен аумағы тазартылды.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері елде шамамен 4,3 млн. текше метр су сорылды, 600 мыңнан астам құм салынған қаптар төселіп, 800 шақырымнан астам арық тазартылды. Алдын ала 383 адам эвакуацияланды. 51 мыңнан астам мал қауіпсіз орындарға айдалды, барлығы кері қайтарылды.

Автомобиль жолдарын су шайған 176 жағдай мен су жырып өткен 25 учаске тіркелді. Қазіргі таңда бақылауда тұрған 21 автожол мен су жырып өткен 5 учаске бар.

10 ақпаннан бастап ТЖМ Командалық орталықтың бейінді министірлілектері және Қазгидромет өкілдерінің қатысуымен су тасқынына қарсы жедел штабы іске қосылып, барлық өңірлерде осындай штабтар жұмыс істеуде. ТЖМ су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізудің барлық іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады. Қабылданған шаралар елдің басым бөлігіндегі су басу қаупін азайту мүмкіндігін берді.

Атап айтатын болсақ, оңтүстік пен батыста су тасқыны аяқталды, сол өңірлердегі елді мекендердің суға кетуіне жол берілген жоқ.

Өткен аптада еріген қар суы мен көп жауған жаңбырдың салдарынан Ақмола облысындағы тұрғын үйлерді су басты. Қолда бар су өткізу жүйелері мол көлемдегі суды өткізуге қауқарсыз болып шықты. Орын алған жағдай Астана қаласы мен Қарағанды облысынан, ТЖМ әскери бөлімдерінен қосымша күштер және құралдар жөнелтуді талап етті. Азаматтар дереу қауіпсіз жерлерге көшіріліп, кезек күттірмейтін авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Көлік қатынасы үзілген елді мекендерде уақытша жол қатынасы ұйымдастырылды, жеткілікті мөлшерде азық-түлік қоры бар. Қазіргі уақытта жергілікті өзендердегі су деңгейі төмендеуде.

Су тасқынының келесі кезеңі Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында күтілуде. Аталған өңірлердегі алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде. Күштер мен құралдар резерві, оның ішінде әскери бөлімдер алдын ала жіберілді. Жағдай бақылауда, күштер мен құралдар қосымша жөнелтуге дайын.

Министрлік күн сайын су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мен оған қарсы іс-шараларды үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:52

17:47

17:39

17:26

17:07

16:34

16:33

16:28

16:07

15:42

15:18

15:16

15:12

14:38

14:21

13:17

12:41

12:40

11:57

11:27

10:49

10:40

10:33

10:29

10:10