AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Ауа райы күрт өзгереді

Ауа райы күрт өзгереді

Өмір-өзен 03.11.2025, 08:23 430
Ауа райы күрт өзгереді
Сурет: Astanatv.kz

3 қараша күні Қазақстанның 14 облысы мен екі облыс орталығында ауа райы күрт нашарлайды.

Синоптиктер республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, қар, жаңбыр және көктайғақ болады деп болжап отыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Тек елдің оңтүстік-шығысы мен батысында ғана күн жауын-шашынсыз өтеді.

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с жетеді. Таулы аймақтарда тұман, Талдықорғанда түнде –1…–3°С дейін аяз күтіледі.

Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысында боран мен көктайғақ күтіледі. Көкшетауда желдің екпіні 20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысында жаңбыр мен қар аралас, көктайғақ болады. Түркістан облысында күндіз желдің екпіні 20 м/с дейін күшейіп, өңірдің оңтүстігі мен батысында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Абай облысында кей жерлерде желдің күші 23–28 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ пен тұман, сондай-ақ 25 м/с дейін жел соғады. Жамбыл облысында түнде және таңертең тұман, желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Ұлытау, Қарағанды және Қостанай облыстарында боран мен көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысында кей жерлерде тұман мен аяз, жел 28 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді, өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысында боран мен көктайғақ, ал Петропавлда ауа температурасы түнде –12°С дейін төмендейді. Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #өзгеріс.қар #Жаңбыр #Көктайғақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика