AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Президенттің Алматыдағы резиденциясының орнында аш...

Президенттің Алматыдағы резиденциясының орнында ашылған саябақтың келбеті қандай?

Барлығы 03.11.2025, 11:20 436
Президенттің Алматыдағы резиденциясының орнында ашылған саябақтың келбеті қандай?
Қайрат Қоныспаев

Президенттің Алматыдағы бұрынғы резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды. Әзірге ресми таныстырылмаса да, Нью-Йорктегі Орталық парктен кем түспейтін саябақ бүгінде қаладағы көрікті орынға айналып үлгерді. Резиденцияның аумағы қалай өзгерді? Толығырақ Аqshamnews.kz материалында. 

Жаңа саябақтың аумағы - 4 гектардан асады. Ол Назарбаев даңғылының батысында және Ганди көшесінің солтүстігінде орналасқан.

Бұрын аумақты қоршап тұрған қоршаулардың бір бөлігі алынған.

Мұнда түрлі өсімдіктер отырғызылған: 95 қылқанжапырақты және 228 жапырақты ағаш, қосымша 469 қылқанжапырақты және 384 жапырақты бұта.

Жаяу және жүгіру жолдары төселген, автосуару және жарықтандыру жүйелері орнатылған. 

Тіпті демалып отыратын орындықтар да ерекше үлгіде жасалған.

Саябақ қаланың ортасында орналасқан соң, тек демалыста емес, жұмыс күндерінде де, тіпті түсте де адам көп. 

Мұнда отбасымен келіп, демалып жүргендер көп.

Еске салайық, 2022 жылғы 5 қаңтарда бір топ адам ғимаратты қиратып еді, тіпті мұнда көлік өртенді. 

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен резиденция сүріліп, оның орнына қала тұрғындары үшін ашық саябақ салу ұйғарылды.

Ғимарат тарихы

Ғимарат тарихы 1979 жылдан басталады, сол кезде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев Алматыда Ленин атындағы музейді салуды тапсырды. Осылайша ғимарат бастапқыда музей кешені ретінде жобаланған. Құрылыс 1983 жылы басталды. Алайда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына байланысты жұмыс тоқтап қалды да, 1993 жылға дейін нысан аяқталмай тұрды. Сол кезде құрылыс 90 пайызға орындалған еді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін жоба қайта жанданып, жаңа мақсатқа ие болды. Ол ел Президентінің резиденциясына айналуға тиіс еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #президент #резиденция #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика