конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АЛМАТЫДА ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ

АЛМАТЫДА ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ

Әлеумет 15.04.2025, 16:28 709 Nursok82
АЛМАТЫДА ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ
almaty-akshamy.kz

Алматыда өткен пікірсайыс турнирі еліміздің әр өңірінен келген талантты жастардың басын қосты. Бұған дейін де республика көлеміне танымал пікірсайыс бәсекесі ТЕО CUP биыл XIV кезегін өткізген болатын, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сәуірдің 5-6 жаңасында қаламызда өткен іс-шара ел аумағында интеллектуалдық пікірталас пен білімге деген сұранысты арттырды, ал жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар марапатталды.

Турнирге Алматы және Астана қалаларының жастарынан бөлек, Алматы обылысынан, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Семей қалаларынан келген пікірсайысшылар қатысты. Турнир алаңында 92 команда, 184 қатысушы бақ сынап, өз білімдерін, шешендік шеберліктерін және сыни ойлау қабілеттерін көрсетті. 

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Нархоз Университеті, QAZAQ_DEBATE ұйымы, Шапан Нұр, Ideal Ustaz, Keremet Food, Degusto Coffee және Voucher сынды демеушілер атсалысқан. Жастардың интеллектуалды жарысына қолдау көрсеткендер арасында «Кайдзен» баспасының жетекшісі Ғани Байғалиұлы сынды қолдаушылар да болды. 

TEO CUP XIV жеңімпаздары мен сыйлықтар:

Альфа лигасы жеңімпаздары:

1.     Хан Тәңірі — 300 000 теңге, Умра сапарына 2 сертификат

2.     Массагет — 200 000 теңге, «Шапан Нұр» брендіне 20% жеңілдік, «Кайдзен» кітабы (2 дана)

3.     Old School және Әділетті Қазақстан — 100 000 теңге (әрқайсысы), «Шапан Нұр» брендіне 10% жеңілдік, «Кайдзен» кітабы (4 дана)

Бетта лигасы жеңімпаздары:

1.     Аласапыран — 100 000 теңге, Түркия сапарына 2 сертификат

2.     Veni Vidi Vici — 60 000 теңге, «Шапан Нұр» брендіне 10% жеңілдік, «Кайдзен» кітабы (2 дана)

3.     Ирина Кайратовна және Dragonlore — 30 000 теңге (әрқайсысы), «Шапан Нұр» брендіне 10% жеңілдік

Жеке номинациялар:

·         Ең үздік спикер — Әлібек Сандыбек (80 000 теңге)

·         Үздік спикер — Азамат Арынов (40 000 теңге)

 «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалдық ойыны

TEO CUP XIV аясында ұйымдастырылған тағы бір ерекше шара — «Миллион кімге бұйырады?» атты интеллектуалдық ойыны болды. Қатысушылар логика, эрудиция және жылдам ойлау қабілеттері бойынша сыналып, тартысты ойын нәтижесінде Сапарғали Батыржан жеңімпаз атанды.

Оған Түркияға жолдама табысталды. Бұл жеңіс – оның терең білімі мен зеректігінің дәлелі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #пікірсайыс #талантты жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);