AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Азамат Қалдыбеков Алматының Бостандық ауданының әк...

Азамат Қалдыбеков Алматының Бостандық ауданының әкімі болып тағайындалды

Барлығы 03.11.2025, 09:05 597
Азамат Қалдыбеков Алматының Бостандық ауданының әкімі болып тағайындалды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (АҚШ, Солтүстік Каролина) құқық магистрі дәрежесін алған. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында жетекші маман қызметінен бастаған.

Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеді.

2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2018 жылы шілдеден 2019 жылы наурызға дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратының басшысы болды. 

2019-2020 жылдары Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. 

2020-2024 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2024 жылдан осы уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы Бірінші президенттік жастар кадрлық резервіне енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған жаңа наградаларды енгізуді мақұлдады

Бүгін 12:31

Алматыда №2 перзентхананың жаңа ғимараты салынып жатыр

Бүгін 11:56

Қазақстан халықаралық капитал үшін жаңа бағыттарды ашуда

Бүгін 10:43

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде ұсынылады

Бүгін 10:41

Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда

Бүгін 10:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);