AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласында 4,3 мыңнан астам нысан мүгедектіг...

Алматы қаласында 4,3 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген

Әлеумет 03.11.2025, 08:48 523 yakiya
Алматы қаласында 4,3 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген
Сурет: Almaty.tv

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Алматы қаласында 4323 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 43 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%-ы бейімделеді. Қазіргі уақытта ел бойынша 24 216 нысан толықтай бейімделген.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 4323 нысан бейімделді. 2027 жылдың соңына дейін 5611 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

Бейімделген нысандардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:

- денсаулық сақтау нысандары– 972;

- білім беру нысандары – 800;

- мәдениет нысандары – 42;

- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 115;

- спорт нысандары – 23;

- әлеуметтік қорғау нысандары – 8;

- көлік инфрақұрылымы нысандары – 3;

- ойын-сауық және демалыс орындары – 21;

- қоғамдық тамақтану – 347;

- сауда нысандары менойын-сауық орталықтары – 1 925;

- басқада нысандар – 67.

«Нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түскен өтініштерді Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті белгіленген мерзімде қарап, тиісті шаралар қабылдайды. Соның нәтижесінде инфрақұрылым нысандарына қолжетімділік қамтамасыз етілуде», – деп өз пікірін білдірді Алматы қаласының тұрғыны, І топтағы мүгедектігі бар азамат Ұлан Іңкәрбеков.

Биыл Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті ҚР Әлеуметтік кодексінің талаптарының орындалуын тексеру мақсатында 77 тексеріс жүргізді. Оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылды. Атап айтқанда: профилактикалық бақылау аясында – 9, жоспардан тыс – 58, прокуратура органдарының бастамасымен – 10 тексеріс жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде 48 нұсқама берілді. Сондай-ақ жалпы сомасы 5 млн 308,2 мың теңге болатын 13 әкімшілік айыппұл салынды. Бірлескен тексерулердің қорытындысы бойынша прокуратураға 10 қорытынды ұсынылды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оларды жою туралы нұсқамалар ғана енгізілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мүгедек #инклюзив
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Көшпенді мұрасын күллі әлемге танытқым келеді» - шебер  

Бүгін 10:36

Зерделі ұлт қалыптастырудағы маңызды қадам – Ғалия Тоқабаева

Бүгін 10:27

«Музей түні» акциясы аясында Алматы музейлеріне 28 мыңнан астам адам келді

Бүгін 10:08

"Халық әуені" әуелейтін мереке

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);