Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Дүниежүзінің автонарығында дағдарыс байқалады

Дүниежүзінің автонарығында дағдарыс байқалады

Әлем 20.05.2022, 05:26 1,175
Дүниежүзінің автонарығында дағдарыс байқалады
Сурет: Gazeta.ru

Жаһандық автокөлік сатылымы күрт төмендеген, бірқатар компаниялар өндірісті тоқтатты. 


Себебі әлем елдерінде жеңіл автокөліктер сатылымы азайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап. 


Биыл әлемдік автомобиль нарығы дағдарыстық жағдайда.


Мәселен, Еуропалық автомобиль өндірушілер қауымдастығының мәліметтері бойынша, Еуропада жеңіл автокөліктердің сатылымы сәуір айындағы көрсеткіш бойынша бір жыл ішінде 20,2%-ға төмендеп, 830,4 мың автокөлікті құрады. Салыстырар болсақ, 2021 жылдың сәуірінде бұл көрсеткіш 1 млн-нан асқан. 


Тікелей Еуропалық одақ (ЕО) елдерінде сату көлемінің төмендеуі 20,6%-ды құрады. Еуропада сектордағы сатылымның ең көп азаюы Литвада (-34,9%), Италияда (-33%), Швейцарияда (-29,1%), Данияда (-29%), Финляндияда (-25,8%) және Австрияда байқалады (−26,6%).


Еуропалық автомобиль өндірушілер қауымдастығының мәліметтері бойынша, теріс динамика жартылай өткізгіштердің (чиптердің) тапшылығына байланысты жаңа автокөліктерді жеткізудегі кідірістерге байланысты. Ал Ресей мен Украинадағы геосаяси дағдарыс салдарынан логистикалық мәселелер күшейген. Бұған қоса, Қытайдағы COVID-19-дың өршуі секторға кері әсер етуде.


Автокөлік компаниялары бойынша Еуропада 2022 жылдың сәуір айында сатылымның күрт төмендеуі Stellantis-те байқалады: көрсеткіш бірден 28% төмендеді.  Сонымен қатар, Volkswagen Group-тың сатылымы 28%-ға, Jaguar Land Rover Group - 27,7%, Mazda - 27,4%, Volvo - 23%, Mercedes-Benz - 22,6%-ға құлдыраған.


Чиптердің жетіспеушілігіне байланысты Stellantis пен Ford өткен аптада Иллинойс, Кентукки және Онтариодағы зауыттарда өндірісті уақытша тоқтатты. Бұл туралы Foley Automotive компаниясының 2022 жылғы 18 мамырдағы есебінде жазылған. 


Дағдарыстан зардап шеккен автокөлік модельдерінің қатарында Jeep Cherokee, Ford Escape, Ford Edge, Lincoln Corsair және Lincoln Nautilus бар.  Бұған қоса, өткен аптада Stellantis бөлшектердің жетіспеушілігіне байланысты Виндзордағы (Онтарио) шағын автобус зауытында өндірісті уақытша тоқтатты.


Өз кезегінде, Жапонияда Toyota Қытайдағы COVID-19 салдарынан енгізілген локдаун әсерінен мамыр айында 12 зауытта өндірісті 6 күнге дейін қысқартады, ал жаһандық өндіріс жоспары шамамен 50 000 көлікке азайды. Сонымен қатар, Toyota жоғары шикізат шығындары мен жартылай өткізгіштердің үздіксіз тапшылығы компанияның келесі жылдағы кірісін шамамен 20% төмендетуі мүмкін екенін атап өтті. 



«Алайда қазіргі экономикалық тұрақсыздық болжам жасауды қиындатып отыр», – деп хабарлады компанияда. 



АҚШ-та жаңа жеңіл көліктердің сатылымы бір жыл бұрынғыдан 56,3%-ға, Қытайда – 43,4%-ға, Жапонияда – 14,4%-ға, Оңтүстік Кореяда – 11,8%-ға, Канадада – 8,4%-ға, Мексикада – 1%-ға төмендеді. Қорыта айтқанда, көлік дағдарысы әлемнің барлық елдерін қамтыды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #көлік #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика