конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақылы жолдарды «Сергек» бақылайды

Ақылы жолдарды «Сергек» бақылайды

Әлеумет 28.03.2023, 14:49 1,073
Ақылы жолдарды «Сергек» бақылайды
Сурет: Aikyn.kz

Жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл салынады.


ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Бековтің айтуынша, Қазақстандағы 11 мың ақылы жолға «Сергек» камералары орнатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Елімізде жыл сайын 2 мыңнан аса адам көлік апатынан көз жұмады. Апатқа басты себептің бірі – жүргізушілердің көлік жылдамдығын асыруы.



«Жүргізушілер жолда жылдамдықты асырады. Астана – Бурабай тас жолында барлық камера істеп тұр. Онда сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат берілген. Алайда жүргізушілер сағатына 180-200 шақырым жылдамдықпен жүреді. Осылайша, олар жол қауіпсіздігі ережесін бұзады. Қазақстандағы жолдардың басым бөлігі екі жолақты. Салдарынан (жүргізушілер жылдамдықты асырып, – автор) жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Сосын адам өлімі көп тіркеледі», - деді Амангелді Беков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.



Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2030 жылға дейін ақылы жолдарға «Сергек» камераларын орнатуды жоспарлап отыр.



«Жоба бойынша Қазақстандағы 25 мың шақырым жолдың 11 мыңын ақылы болдыруды жоспарлап отырмыз. Осы 11 мың жолда камералар болады. Осы республикалық маңызы бар, ақылы жолардардың бойына 94 камера орнаттық. Қазір оның 33-і жұмыс істеп тұр», - деді Комитет төрағасының орынбасары.



Оның айтуынша, жолдарға орнатылатын камералар «Сергек» сияқты жұмыс істейді.



«Қазір біз Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, камераларды іске қосып жатырмыз. Онда камера көліктің жылдамдығын тексереді. Жүргізуші жылдамдықты асырса, оған айыппұл салынады. Жүргізушілердің тәртібін бақыласақ, бұл көлік апатынан қаза табатындардың санын азайтуға мүмкіндік береді», - деді Амангелді Беков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сергек #жол #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Бүгін 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Бүгін 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Бүгін 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Бүгін 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);