Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Оңтүстік-Шығыс Азиядағы табиғи апат салдарынан 500...

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы табиғи апат салдарынан 500-ден астам адам қаза тапты

Әлем 30.11.2025, 12:47 406
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы табиғи апат салдарынан 500-ден астам адам қаза тапты
Синьхуа

Таиланд пен Индонезияда табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 500-ге жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел халқына көңіл айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

24.kz мәліметінше, Таиландтың оңтүстігі де су тасқынынан қатты зардап шекті. Бұл елде табиғат апатынан 162 адам көз жұмды.  Ең көп шығын Сангкхла провинциясында тіркелді. Онда 126 адам опат болды. Жалпы тасқыннан 3 миллионнан астам тұрғын жапа шекті. Тоғыз провинцияны су басып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілген. Кей аудандарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізіліп жатыр.

"Индонезияда су тасқыны мен көшкін салдарынан опат болғандар саны 303-ке жетті. Тағы 200-ге жуық адам із-түссіз жоғалған.  Қираған жолдар іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Биік жотадан аққан лай мен тастардың астында қалып қойған адам көп. Апат аймақтарына көмек тікұшақ арқылы жеткізіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысы Индонезия Президенті мен Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхаттарын жолдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған елдердің аумағында болған су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Индонезия президенті Прабово Субиантоға және Таиланд премьер-министрі Анутин Чарнвиракулға көңіл айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оңтүстік-Шығыс Азия #табиғи апат #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

Бүгін 12:03

Алматыдағы сенбілік: көп жұмылған істе береке бар

Бүгін 11:31

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика