Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырау облысындағы ауылда мектеп құрылысы бес жылғ...

Атырау облысындағы ауылда мектеп құрылысы бес жылға созылып барады.

Оқиға 30.11.2025, 15:33 285
Атырау облысындағы ауылда мектеп құрылысы бес жылға созылып барады.
Көрнекі сурет

Атырау облысының Есбол ауылында мектеп құрылысы бес жылға созылып барады. Келісімшарт бойынша білім ошағы 2022 жылы пайдалануға берілуге тиіс еді. Алайда мердігердің жауапсыздығынан құрылыс тоқтап қалған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Есбол ауылының тұрғындары бұл мектеп құрылысының аяқталуын бес жыл бойы күтіп жүр. Алғаш қолға алған мердігер жұмысты жартылай жасап тастап кеткен. Биыл құрылыс басқармасының араласуымен жұмыс қайта жанданды. Жаңа мердігер нысанды үшінші оқу тоқсанына тапсырамыз деп отыр.

"Қазір жұмыс 80 пайызға бітіп тұр. Қалған сыртқы қасбет жұмыстарын жасап жатырмыз және бардюр, сыртқы ойын алаңдарын салып жатырмыз. Іште де әлі жұмыстар жүріп жатыр. Кафель жапсыру жұмыстары бар", - деді құрылыс учаскесінің бастығы Нұржан Халидуллин.

Ауылдағы үш мектепте 800-дей оқушы білім алады. Оның біреуі 2020 жылы апатты деп танылған. Алайда балалар сол ескі ғимаратта сабақ оқып жүр. Сондықтан жаңа 300 орындық мектеп ауыл үшін айрықша маңызға ие.  

"Бұл мектеп заманауи құрылыс талаптарына сай салынып жатыр. Мұнда үлкен сынып бөлмелері, оқу зертханалық бөлмелер, спорт залдар, асхана заман талаптарына сай салынып жатыр. Осы мектебіміз бітсе, ауыл халқына және оқушыларға үлкен жағдай жасалады", - деді Есбол ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерболат Сәбіров. 

Сонымен қатар мердігерлердің жауапсыздығынан Индер кентіндегі мектептің құрылысы созылып барады. Келісімшарт талаптарын орындамағандар ісі сотқа жолданған.  

"Сот шешіміне сәйкес мердігермен келісімшартты толықтай бұзған болатынбыз. Сонымен қатар, әрі қарай жұмыстарды жалғастыру үшін оның жобаларын міндетті түрде қайта есептеу керек болды. Сол себептерге байланысты мектептің жалпы концепциясын, сыртқы келбетін және де ішкі жабдықтарын толықтай өзгертіп, жобаны қайта жасадық", - деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов. 

Атырау облысы үшін мектеп мәселесі әлі де өзекті. Қазір балалар бес білім ошағында үш ауысымда оқиды. Осыған орай, 19 мектептің құрылысы басталған. Алтауының құрылысы кестеден кешігіп жатыр. Жергілікті билік өкілдері мердігер мекемелерге талапты күшейтті. Жыл аяғына дейін төрт мектеп қолданысқа берілуге тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау облысы #мектеп #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 19 жыл бұрынғы қылмыс әшкереленді

Бүгін 16:41

Алматылық студенттер лигасы: көктемгі кезеңге қызығушылық артып келеді

Бүгін 16:29

Қазақстанға гүлді ең көп жеткізетін елдер белгілі болды

Бүгін 16:20

15 наурыздағы референдум: Алматыдағы дауыс беру учаскелері

Бүгін 15:55

Референдумда басқа біреудің атынан дауыс бергендер айыппұл арқалайды

Бүгін 15:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі