ffin.kz

Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу туралы айтылды

Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу туралы айтылды Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында нашақорлыққа қарсы күрес айлығының қорытындысы туралы брифинг өтті.
 
Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Дәурен Көбеев 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы қала аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz
 
Ағымдағы жылдың 6 айында қала аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 319 құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде:

- ҚР ҚК 297-бабы 1-4-бөлігі бойынша (есірткі заттарын заңсыз өткізу) - 131 факт;
- ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) - 27;
- ҚР ҚК 286-бабы бойынша (контрабанда) - 1;
- ҚР ҚК 296-бабы 1-3-бөлігі бойынша (теріс қылық) - 147;
- ҚР ҚК 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша (заңсыз жарнама) - 5;
- ҚР ҚК 300-бабы бойынша (өсіру) - 3;
- ҚР ҚК 302-бабы бойынша (притон) - 2;
- ҚР ҚК 303-бабы бойынша-1.

Ағымдағы жылдың басынан бастап есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 147 қылмыстық іс жүргізіліп, сотқа жолданды.

Есірткінің мына түрлері бойынша:

- 26 гр - "героин" 
- 165 кг 412 гр - "марихуана" 
-  73 кг 018 гр - "гашиш"
-  27 кг 996 гр - "синтетика"
 - 1 кг 673 гр - "басқа препараттар" жалпы 268 кг 127,63 гр есірткі  тәркіленді және заңсыз айналымға жіберілмеді.

КҚ спикері профилактикалық жұмысты ұйымдастыру туралы да айтты.

"Жалпы жедел-іздестіру іс-шараларымен қатар нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атқарушы билік органдарымен, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп қаланың оқу орындарында бірқатар профилактикалық іс - шаралар өткізілді: акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер", - деді Дәурен Көбеев.

Мәселен, ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 455 есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

"Ағымдағы жылдың 6 айында Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері аудандық бөлімшелердің қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында есірткі құралдарының таралуы туралы ақпаратты қамтитын 4185 граффити суреттері табылды және  бояу арқылы жойылды", - деп нақтылады ол.

ҚР ҚК 299-1 бабы Насихат фактілері бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді. Есірткіні таратумен және жарнамалаумен айналысатын 337 интернет-сайт анықталды, олар бұғаттау үшін "Кибернадзорға" жіберілді. Бағдарлама құқыққа қайшы контент белгілері бар Интернет-ресурстарға сілтемелерді бұғаттау үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне автоматты режимде жіберуге мүмкіндік береді.
 
Дәурен Көбеев бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінетінін, БАҚ-та есірткіге қарсы тақырыпта барлығы 698 материал жарияланғанын атап өтті.
 
Қоғамдық орындарда 8 метро станциясының 42 мониторында әлеуметтік бейнероликтер, атақты спортшылармен WhatsApp-тың анонимді сенім телефоны көрсетілген  ақпарат таратылады: +7 -705-549-70-25, ол 72 ЕО-экранда орналастырылған.
 
2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде Алматы қаласы мәслихатының 09.08.2023 ж. шешіміне сәйкес есірткіге қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін:

- 2023 жылға - игерілген 6 млн 698 теңге.
- 2024 жылға - 19 млн теңге бөлінген.


Есірткі диспансерінде есепте тұрған адамдар санының төмендеу үрдісі байқалады.
 
"Алматы қ. психикалық денсаулық орталығының" деректеріне сәйкес 2024 жылғы 1 шілдеде "нашақорлық" диагнозымен диспансерлік есепте-1154 нашақор адам тұрады, оның ішінде:

- кәмелетке толмағандар - 7;
- әйелдер - 180.
 
 1154 есірткіге тәуелді адамнан:
-  240-ы - опиоидты топқа;
- 32 -і - каннабиоидқа жатады.

Дәурен Көбеев қалада осындай іс-шараларды өткізу тұрақты негізде жалғасатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56

11:52