AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашы...

Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды

Барлығы 30.10.2025, 17:30 409
Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды
Алматы әкімдігі

Алматының Азаматтық авиация академиясында Студенттер үйі – 482 орындық заманауи ғимарат ашылды. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, Көлік министрлігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Алматы әкімдігінің қолдауымен 2024 жылы "Қазаэронавигация" РМК балансынан көлемі 7 мың шаршы метрден асатын әкімшілік-қонақ үй кешенін академияның меншігіне беру туралы шешім қабылданған болатын. Соның арқасында ғимарат жаңартылып, заманауи Студенттер үйін құруға мүмкіндік берілді. Нысан студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсенің жұмысы аясында жүзеге асырылды.

Жаңа корпус Азаматтық авиация академиясы мен Алматы халықаралық әуежайының жанында орналасқан. Ғимарат 482 орынға арналған, жайлы, қауіпсіз әрі энергия тиімділігінің заманауи стандарттарына сай.

Жатақхана секциялық форматта салынған. Әр секция екі бөлмелі, мұнда душ және жуынатын бөлме де қарастырылған. Әр қабатта ас үй, сондай-ақ оқуға арналған коворкинг кеңістіктер бар.

Студенттер үйінде спорт залдары, демалыс аймақтары, медициналық кабинет және абаттандырылған алаңдар бар. Жатақхана академия студенттерінің өмірін жандандырып, өзара пікірлесу мен щабыт орталығына айналады.

"Бұл жобаның ерекшелігі, ол жоғары оқу орындарына арналған ғимараттарды қайта жаңарту тетігі бойынша іске асырылды. Соның арқасында ғимарат жаңарды әрі  барлық заманауи талапқа сай жаңа  студенттік орталыққа айналды", - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жатақхана #студенттер үйі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқушыларға терроризмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бүгін 10:11

Алматыда терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық бейнеролик таныстырылды

Бүгін 09:59

Екібастұз ресми түрде моноқала санатына шығарылды

Бүгін 09:58

Дәрігер кино қарап жатқанда ұйықтап кетудің зиянын айтты

Бүгін 09:40

Жолшыбеков пен Нұртаза Жанәбіловтердің ісі бойынша сотқа жеткізілмек

Бүгін 09:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика