AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласы ТЖД жылыту маусымында өрттің алдын а...

Алматы қаласы ТЖД жылыту маусымында өрттің алдын алу жұмыстарын күшейтті

Әлеумет 30.10.2025, 12:40 332
Алматы қаласы ТЖД жылыту маусымында өрттің алдын алу жұмыстарын күшейтті
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласы ТЖД тұрғындарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымы кезеңінде қала тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар қабылдауда. Бұл туралы ақпарат Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында белгілі болды.

ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаевтың айтуынша, 8 қазанда басталған жылыту маусымымен қатар қалада өрттің алдын алу және тұрғындар үшін тәуекелдерді азайту бағытында белсенді профилактикалық жұмыс жүргізілуде.

«Оқиғалардың санын азайту мақсатында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды жүзеге асырудың бірыңғай жоспары әзірленген. Қазіргі таңда ТЖД есебінде 151 мыңнан астам жеке тұрғын үй бар. Оның ішінде қатты отынмен жылытылады деп есепке алынған 1 450 үй және қаңқалы-қамысты ескі үлгідегі 5 605 үй ерекше бақылауға алынған», – деді Еркебұлан Жұматаев.

15 тамыздан бастап ТЖД тарапынан кең ауқымды өртке қарсы ақпараттық-түсіндіру науқаны жүргізілуде. Әсіресе әлеуметтік жағынан осал отбасыларға ерекше назар аударылуда – олардың 689 үйі мен әлеуметтік тұрғыдан бейімделмеген өмір салтын ұстанатын 4 мыңнан астам адамның үйлері профилактикалық тексерумен қамтылған.

«2018 жылдан бері қала және аудан әкімдіктерінің қолдауымен жеке тұрғын үйлерге 1 453 көміртек тотығының датчиктері орнатылды. Тек биылғы маусымда қосымша 642 датчик сатып алынды. Бұл құрылғылар көмірқышқыл газымен уланудың алдын алуға көмектеседі», – деп атап өтті спикер.

25 қыркүйектен бастап мегаполисте өрт қауіпсіздігі айлығы ұйымдастырылды. Оның аясында жеке тұрғын үйлер мен көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесулер, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылуда.

Халықты кеңінен қамту үшін заманауи технологиялар қолданылуда:

* нұсқаулықтар мен ұсыныстарға қол жеткізуге арналған QR-кодтар әзірленді;
* LED-экрандарда оқыту бейнероликтері көрсетілуде;
* 7,6 миллионнан астам абонентті қамтыған SMS-хабарламалар жіберілді.

Жылыту маусымына дайындық басталғалы бері теле және радио сюжеттерді, баспа және онлайн басылымдарды қамтитын 1 168 ақпараттық материал әзірленді.

Сөз соңында ТЖД мамандары тұрғындарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырды:

* Жылыту маусымында түтін мұржаларын әр екі ай сайын күйеден тазалаңыз;
* Пешті шамадан тыс қыздырмаңыз және оған жақын жанғыш заттарды қоймаңыз;
* Газбен жылыту пештерін пайдалану нұсқаулығын қатаң сақтаңыз;
* Пеш, газ бағанасы, плита, керосин және электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, бақылауды балаларға тапсырмаңыз;
* Пеш үстіне киім-кешек, аяқ киім және басқа да жанғыш заттарды ілмеңіз;
* Сіріңке мен от жағатын құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #түтін #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика