AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғ...

Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Барлығы 30.10.2025, 17:45 553
Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінде қала басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасының жүзеге асыру барысына арналған жиын өтті.

Дархан Сатыбалды санитарлық тазалық пен экологиялық мәдениетті дамыту қаланың басты басымдықтарының бірі екенін атады. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізілуге тиіс. Әкім әсіресе тұрғындардың бастамасын, жастар қозғалыстарын қолдау мен экологиялық белсенділікті кеңінен насихаттаудың маңызына тоқталды.

18-25 қазан аралығында Алматының барлық сегіз ауданында сенбілік өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, коммуналдық қызметтердің, бизнес құрылымдарының өкілдері мен белсенді азаматтар атсалысты. Барлығы 8 мыңнан астам адам және 561 арнайы техника жұмылдырылып, 9 мың текше метрден аса қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 2,5 мыңнан астам ағаш – үйеңкі, қарағай, шегіршін мен қараған көшеттері егілді.

Осы аптада "Аюсай" визит-орталығы аумағында прокуратура және ұлттық парк өкілдері сенбілік өткізеді. 

"Жасыл аула" жобасының күзгі кезеңінде көпқабатты үйлердің тұрғындарына 528 көшет – 409 ағаш пен 119 бұта таратылды.

"Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының маусымдық жұмысы қорытындыланып, Алматы штабы республика бойынша үздік деп танылды. Ең белсенді 20 мүшесіне сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, қалада өткен Plastic Hunt акциясы барысында 25 келі пластик қалдық жиналды. Келесі іс-шара қараша айының соңында өтеді.

Жиын барысында әкім тұрғындардың өтінішіне дер кезінде, сапалы әрі нақты жауап беруді, формалды тәсілге жол бермеуді тапсырды.

Дархан Сатыбалды алматылықтарды туған қаласының тазалығын сақтауға белсене атсалысуға шақырып, көше мен аула, сондай-ақ қоғамдық орынның санитарлық ахуалына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #әкім тапсырмасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жыл соңына дейін жаңа мектептер мен дәрігерлік амбулатория ашылады

Бүгін 15:23

Алматы бюджеті нақтыланды: 57,7 млрд теңге қай бағыттарға жұмсалады

Бүгін 15:15

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін 14:15

Қазақстанда бір апта ішінде картоп, пияз және қырыққабат бағасы төмендеді

Бүгін 13:59

Алматыда «Патологтар мектебі - 2026» өтті

Бүгін 13:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);