AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жетісуда зейнеткер 800 мың теңгесін алаяқтарға бер...

Жетісуда зейнеткер 800 мың теңгесін алаяқтарға берген

Заң мен тəртіп 30.10.2025, 12:29 677
Жетісуда зейнеткер 800 мың теңгесін алаяқтарға берген
depositphotos.com

Кербұлақ ауданында полицейлер интернет-алаяқтардың қолына түскен 800 мың теңгені зейнеткерге қайтарып берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жетісу облысы Кербұлақ аудандық полиция бөліміне 64 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданды. Қарияның сөзінше, ол табыс табамын деп интернет арқылы акция сатып алған, алайда соның салдарынан 800 мың теңгесінен айырылып қалды.

Аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Мәдина Төлеміс заң аясында жедел шаралар қабылдап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында ақша алған адамның жеке басы анықталды.

Полицейлердің жедел және кәсіби іс-қимылының арқасында жәбірленушінің ақшасы толық қайтарылды. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Мұндай жағдайлар азаматтарға кез келген онлайн-сатып алу немесе инвестиция кезінде сақ болудың маңыздылығын еске салады. Полиция қызметкерлері күмәнді сайттар мен жарнамаларға сенбеуге, ал аз да болса күдік туындаған жағдайда ішкі істер органдарына жүгінуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу облысы #зейнеткер #ақша #алаяқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);