AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда "TurkiCUP" атты халықаралық жайдарман ойы...

Алматыда "TurkiCUP" атты халықаралық жайдарман ойыны өтті

Мәдениет 30.10.2025, 23:02 470 Сұлу
Алматыда "TurkiCUP" атты халықаралық жайдарман ойыны өтті
Aqshamnews.kz

Алматыда түркі әлемінің ең көңілді әрі тапқыр жастары бас қосқан "TurkiCUP" атты халықаралық жайдарман ойыны өтті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Биыл Алматы қаласы түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесіне ие болды. Көңілді тапқырлар кешіне Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 11 команда қатысты. 

"Жайдарманға" бізді Есен аға шақырды. Ол "TurkiCUP" ойынына түркі әлемінің командалары қатысады деді. Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Әзербайжан елдерінен қатысады. Біз Түркия құрамасы ретінде келдік. Жақсы ойын көрсетеміз деп ойлаймыз", – деді Түркия құрамасының ойыншысы Седат Чичек.

Қазылар алқасында спорт пен мәдениет өкілдері, сондай-ақ танымал блогерлер болды. 

"Бұл ойынның бізге берері, ең алдымен, түркі тілдес мемлекеттер - бауырлас елдер. Тіліміз де ұқсас, дәстүріміз де ортақ. Бұл тәжірибе алмасудың тамаша алаңы деп ойлаймын. Өзге елдердің белсенді, жалынды жастары бар. Сондықтан мұндай шығармашылық байланыстардың кеңеюі тек өсу мен дамуға ықпал етеді. Сол себепті мұндай шаралар жиі өткен сайын жақсы нәтижелер күтуге болады", – деді "Жайдарман" ойындарының қалалық филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов.

"Қала әкімі Дархан Амангелдіұлы жастардың жағдайын жақсарту, олардың әлеуетін арттыру мәселесін әрдайым басты назарда ұстайды. Бүгінгі іс-шара – сол тұрақты қолдаудың айқын көрінісі деп айтуға болады", - деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.

Ойын нәтижесінде бас жүлде мен 1,5 млн теңге көлеміндегі сыйақыны Рудный командасы жеңіп алды. II орын мен 1 млн теңгені қырғызстандық қос команда қанжығасына байласа, III орын түркиялық әзілкештерге бұйырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жайдарман #ойын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Бүгін 18:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);