AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Астаналық оқушы көзі нашар көретіндерге арналған "...

Астаналық оқушы көзі нашар көретіндерге арналған "ақылды көзілдірік" ойлап тапты

Білім және ғылым 30.10.2025, 16:01 441
Астаналық оқушы көзі нашар көретіндерге арналған "ақылды көзілдірік" ойлап тапты
Кейіпкердің жеке архивінен

Астана мектеп оқушысы зағип жандарға арнайы көзілдірік ойлап тапты. Аqshamnews.kz тілшісі өнертапқышпен құрылғы туралы сұхбаттасты. 

Астанада Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қуандық Амирхан көзі нашар көретін жандардың өмірін жеңілдетуді мақсат еткен ерекше жоба әзірледі. Бұл - зағип адамдарға арналған "ақылды көзілдірік". Оның басты ерекшелігі – қазақ тілінде жасалған отандық инновация мен бағасының қолжетімділігі.

Қуандық Амирханның айтуынша, бұл идея оған бір жыл бұрын Алматы метросында болған оқиғадан кейін келген. Сол кезде метро астына түсіп, қаза тапқан зағип жанның жағдайы бүкіл елді дүрсілкіндірген еді.

"Бұл қайғылы жағдай туралы робототехникадан беретін жетекші ағайымнан білдім. Ол ұсыныс жасағанда бірден келістім. Нәтижесінде осындай туынды пайда болды. Зағип жандарға титтей болсын көмек болады деген сенімдеміз", - дейді Қуандық Амирхан.

Анықтама: 2024 жылы 10 желтоқсанда Алматыдағы метрода бір адам рельске түсіп, қайтыс болды. Кейін "Абай" бекеті уақытша жабылған еді. Бір жылдан соң бекеттерде қоршаулар қойыла бастады. Метрополитен мәліметіне сүйенсек, "Райымбек батыр" бекетінде биыл ақпанда метрополитеннің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жаңа уақытша қоршаулар орнатылған. Олар екі негізгі қызмет атқарады: қорғаныс құралы және жарнамалық құрылым ретінде пайдаланылмақ. 

Өнертапқыштың айтуынша, құрылғыны жасауға небары 1 апта мен 10 мың теңге жұмсалған. Жобаны Қуандық Амирханның жетекшісі толық қаржыландырған. 

"Ақылды көзілдіріктің" басты ерекшелігі - ол адамның алдындағы кедергіні бір метр қашықтан анықтап, қазақ тілінде:

"Сақтаныңыз, алдыңызда кедергі!" - деген дауыс арқылы ескертеді.

Бұл жүйе зағип жандарға қала көшелерінде еркін әрі қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік береді.

"Менің мақсатым - мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне көмектесу. Қазір көзілдіріктің басқа да нұсқаларын жетілдіруді жоспарлап жүрмін. Қазір құрылғы тек дыбыстарға әсер етіп, белгі береді. Оны жетілдіріп, тек дыбыс емес, сонымен қатар, бейне бақылау орнатып, алдындағы кедергілерді де байқайтындай мүмкіндік жасағымыз келеді", - дейді жас өнертапқыш.

Қуандық Амирханның айтуынша, құрылғының бағасы қолжетімді болмақ. 

"Қазір 285 миллион адам көру қабілетінен айырылған. Ал елімізде 10 мыңнан аса адам осы қиындықпен өмір сүріп жүр. Бағаны 15 мың теңгеге жуықтап қоямыз деп жоспарладық. Әлі нарыққа шығарған жоқпыз. Біздің мақсат - инноация арқылы қоғамда пайдалы болу, адам өмірін жеңілдету", - дейді оқушы. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зағип жандар #көзілдірік #Өнертабыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика