AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда есірткі жарнамасы бар қанша граффити боял...

Алматыда есірткі жарнамасы бар қанша граффити боялды?

Әлеумет 09.07.2024, 14:29 988 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда есірткі жарнамасы бар қанша граффити боялды?
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Нашақорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес өзекті мәселелер болып қала береді. Айлық аяқталды, бірақ бұл зұлымдыққа қарсы тұру барлық бағытта жалғасуда. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде "Наркостоп" жобасының кураторы Нуржан Жакупов мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 
 
Есірткіге қарсы айлықты өткізуге 500-ге жуық ерікті қатысып, барлығы 4185-тен астам есірткі сайттарының жарнамасы бар граффитиді бояды.

"Бүгін біз жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейту және есірткіге байланысты проблемалар туралы хабардарлықты арттыру мақсатында өткізілген есірткіге қарсы айлықты қорытындылаймыз. Биылғы жыл біз үшін ерекше, себебі біз профилактикалық жұмыста тұлғаның есірткіге дейін қандай болғанына  баса назар аудардық. Бұл - адамның әлі есірткіге ұшырамаған, бірақ психологиялық жай-күйі, отбасылық ахуалы, әлеуметтік ортасы және т.б. сияқты түрлі факторларға байланысты тәуекел тобында болуы мүмкін кезеңі", - деді Нұржан Жакупов.

ӨКҚ спикері бүгінгі таңда Мемлекеттік алдын алу саясаты  тәуелді адамдармен жұмыс жасауға басымдылық қойды деп санайды.

"Тиімдірек жұмыс - тәуекел тобымен жұмыс істеу. Биыл біз өзіміз үшін осы жұмысқа баса назар аударуды таңдадық. Бір айдың ішінде біз осындай жастарды ерте анықтауға және қолдауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткіздік. Мектептер мен жоғары оқу орындарында дәрістер мен тренингтер ұйымдастырылды, онда мамандар өзін-өзі реттеу тетіктері және есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары туралы әңгімеледі. Біз жеке консультациялар мен топтық сабақтар өткізген психологтармен, әлеуметтік қызметкерлермен және еріктілермен белсенді жұмыс істедік", - деді Н.Жакупов.

Жасөспірімдер және жастармен жұмыс істеуде жаңа әдістер енгізу маңызды сәттердің бірі  борлды, бұл олардың психологиялық тұрақтылығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.

"Біз жастарға  өз таланттарын дамытуға көмектесетін спорттық іс - шараларды, шығармашылық шеберлік пен командалық ойындарды қамтитын бағдарламаларды әзірледік және іске асырдық", - деп атап өтті Нұржан Жакупов.

Сонымен қатар, айлық аясында ата-аналармен және педагогтармен жұмыс жандандырылды. Семинарлар мен вебинарлар өткізілді, онда есірткіге бейімділік белгілерін ерте анықтаудың маңыздылығы және жастармен тиімді қарым-қатынас жасау әдістері талқыланды.
 
Сондай-ақ әлеуметтік желіде  есірткінің зияны және алдын алу жолдары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған ақпараттық жұмыс басталды.

"Біз әрбір жас қажет болған жағдайда көмек пен қолдауды қайдан алуға болатынын білетіндей етуге тырысамыз", - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, бұл жұмыстағы ең тиімді құрал - насихаттау жұмысы.

"Мен осы айлыққа қатысқандардың барлығына: педагогтарға, психологтарға, еріктілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және, әрине, сіздерге, БАҚ өкілдеріне, біздің жұмысымызды қолдағаныңыз және жариялағаныңыз үшін алғыс білдіргім келеді", - деп түйіндеді Нұржан Жакупов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #нашақорлық #бояу #орындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);