AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы құтқарушылары балаларға ескерту жасады

Алматы құтқарушылары балаларға ескерту жасады

Әлеумет 20.06.2023, 08:31 975
Алматы құтқарушылары балаларға ескерту жасады
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазғы демалыс пен суға шомылу маусымы басталысымен су айдындарындағы демалыс уақытында қауіп арта түседі.


Әсіресе балаларға төнетін қауіп көп, соған байланысты құтқару қызметтері күнделікті рейд жүргізеді. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қала ТЖД өкілдері мен қалалық құтқару қызметтерінің қызметкерлері тұрғындарға судың жанында қауіпсіз уақыт өткізу ережелерін еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ТЖД мәліметі бойынша, мегаполисте 44 су айдыны бар – олар түрлі өзендер мен көлдер, арықтар мен тоғандар. Олардың 12-сі суға шомылу маусымында қауіпті. 



«Профилактикалық жұмыстың нәтижесінде 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін су айдындарында адам өліміне жол берілмеді. 18 адам құтқарылды, олардың ішінде жеті бала бар», - деді Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов.



Департамент судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында полиция қызметкерлерін, әскери қызметшілерді, құтқару қызметі мен республикалық жедел құтқару жасағы құтқарушыларын, сондай-ақ еріктілерді тарта отырып, рейдтік іс-шаралар өткізеді.


Қауіпсіздік ережелері туралы «Әуежай» су-құтқару станциясында Кіші Алматы көлінде кезекшілік ететін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Ринат Файзулин еске салды.



«Мен жаз кезінде ата-аналар, оқытушылар мен тәрбиешілер білуі керек негізгі ережелерге назар аударғым келеді. Балалардың суға батуының ең негізгі  себептері - балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдыру. Балалардың жабдықталмаған жерлерде, тау өзендерінде суға түсуі – бұл үлкен қауіп. Себебі, балалар селфиге  түсу үшін тайғақ тастарға шығады, содан аяқтары тайып құлап, ата-анасы жақын жерде болса да, басымен суға құлауы мүмкін», - деді спикер.



Сонымен қатар, ол ешқандай жағдайда су айдындарының жанында жабдықталған белгілерді елемеуге болмайтынын атап өтті. Осылайша, тыйым салу белгілері орнатылған шомылу орындарында моторлы қайықтарда, гидроциклдерде жүзуге, сондай-ақ тік жартастардан, қайықтардан, катамарандардан және т. б. секіруге болмайды.



«Сондай-ақ, балалар суға шомылып жүргенде ойнап жүріп, әрірек жүзіп кеткендерін байқамай, тереңдеу жағына кетіп қалып, суға тұншығып қалуы мүмкін. Сондай-ақ, үйде қолдан жасалған үрлемелі құралдарда, автокөлік дөңгелегінің  камераларында жүзуге тыйым салынады. Біздің жасақ профилактикалық іс-шаралар, тау өзендері бойынша рейдтер өткізеді, онда біз су маңында қалай жүру керектігі жөнінде ережелері көрсетілген арнайы жадынамаларды  ата-аналарға таратамыз. Сондай - ақ бізде Әуежай маңындағы көлде тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылады, онда да ескерту және тыйым салу белгілері де орнатылған», - деп бөлісті ол.



Қорытындылай келе, құтқарушылар ата-аналарды балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмауға, сондай-ақ алдын алу шаралары ретінде оларға суға түсу ережелері  туралы айтуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #судағы қауіпсіздік #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Кеше 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Кеше 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Кеше 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Кеше 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Кеше 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика