Ұлттық банктің Алматы қалалық филиалы Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдай туралы
- Инфляция
2024 жылғы 1 шілдедегі Алматы қаласы бойынша статистика департаментінің ресми деректері бойынша инфляция 3,4% деңгейінде қалыптасты (2023 жылғы 1 шілдеде – 5,1%).
Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларына бағалар – 4,0%, азық-түлік емес тауарларға – 2,5%, ақылы қызметтерге – 3,4% өсті.
Алматы қ. бойынша тұтыну бағаларының индексі:
- Барлық тауарлар мен қызметтер – 105.1
- Азық-түлік тауарлары – 105.6
- Азық-түлік емес тауарлар – 105.9
- Ақылы қызметтер – 103.9
2023 ж. 1 жартыжылдық және 2024 ж. 1 жартыжылдық аралығында инфляция деңгейі салыстырмалы түрде тұрақты болған.
- Валюталық нарық
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 446 айырбастау пункті жұмыс істеді. Оның ішінде:
- Банктердің айырбастау пункттері – 244
- Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар – 191
- "Қазпошта" АҚ – 11.
2023 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда айырбастау пункттерінің саны 4,0%-ға, яғни 458-ден 446-ға дейін, ал банктердің айырбастау пункттері 11,9%-ға, яғни 277-ден 244-ке дейін төмендеді. "Қазпошта" АҚ айырбастау пункттері 15,4%-ға, яғни 13-тен 11-ге дейін азайды. Дегенмен, уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің саны 13,7%-ға, яғни 168-ден 191-ге дейін өсті.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында теңгені АҚШ долларына сату бағамы 445,12 – 466,50 теңге аралығында болды, ал еуро 473,50 – 516,70 теңге, Ресей рубліне қатысты 4,82 – 5,99 теңге аралығында болды.
Айырбастау операцияларының көлемі:
- АҚШ доллары – 101,9% және 117,7%, сәйкесінше 1 168,0 млн және 1 744,0 млн доллар;
- Ресей рублі – 114,8% және 121,6%, сәйкесінше 10 377,5 млн және 7 688,1 млн рубль;
- Еуро – 87,2% және 113,2%, сәйкесінше 73,2 млн және 192,6 млн еуро құрады.
- Депозит нарығы
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 21 екінші деңгейдегі банк құрайды, оның 19-ы Алматы қаласында орналасқан.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің көлемі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға ұлғайып, 10 333,0 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 28,7%-ға 2 779,0 млрд теңгеге дейін, ал жеке тұлғалардың депозиттері 18,5%-ға 7 554,0 млрд теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 34,1%-ға өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер көлемі 3,2%-ға төмендеді.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі жеке тұлғалардың салымдарының үлесі 73,1%-ды құрайды. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 2023 жылдың 1 тоқсанындағы 65,0%-ға қарағанда 72,0%-ды құрады.
- Кредит нарығы
2024 жылдың 1 жартыжылдығында банктердің Алматы қаласының экономикасын кредиттеу көлемі 12 539,8 млрд теңгені құрап, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 19,2%-ға артты.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 15,2%-ға өсіп, 10 586,2 млрд теңгеге жетті. Ал шетел валютасындағы кредиттер көлемі 46,1%-ға өсіп, 1 953,6 млрд теңгені құрады.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі 17,3%-ға артып, 9 883,9 млрд теңгеге жетті, ал қысқа мерзімді кредиттер көлемі 26,7%-ға азайып, 2 656,0 млрд теңгені құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 22,5%-ға артып, 3 219,1 млрд теңгеге жетті (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 25,7%-ы).
Кредит берудің салалық құрылымы кезең ішінде сауда мен өнеркәсіптегі басым бағыттарын сақтап қалды: қысқа мерзімді кредиттер бойынша 30,4% және 13,2%, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша сәйкесінше 3,3% және 4,4%.