Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейіне Ұлттық мәртебе беретін Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе беру туралы» Жарлыққа қол қойды», - деп хабарлады Ақорда, бүгін 30 қаңтар күні кешке.
Тоқаев қол қойған Жарлыққа сай, енді үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдауы керек.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.