AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Елімізде шетелдіктерге арналған үш казино ашылады

Елімізде шетелдіктерге арналған үш казино ашылады

Хабарлама 31.01.2025, 14:05 745 yakiya
Елімізде шетелдіктерге арналған үш казино ашылады
Элеонора Якия

Қазақстан азаматтары кіргізілмейтін ойын аймақтары бірден еліміздің үш өңірінде пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Басымдық Маңғыстау, Жетісу және Алматы облысына беріледі. Ойын және лотерея бизнесін реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әділет Тұрғанбаев туризмді дамыту шеңберінде Қазақстанның бірнеше өңірінде ойын аймақтарын құру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын хабарлады.

«Бірінші кезекте бізде туристік кластер ретінде Маңғыстау облысы, одан кейін Алматы облысы мен Жетісу облысы - Алакөл бар. Сондай-ақ, біз Қытаймен шекарада бірнеше орынды қарастырамыз», - деді ол.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибе казинолар мен ойын аймақтары туризмнің дамуына, әсіресе ел экономикасына қомақты қаражат әкелуге және инвестиция салуда таптырмайды. Байыған шетелдік туристерді тартуға ықпал етеді. Осыған байланысты жаңа бастама тек шетелдіктерге бағытталған, ал Қазақстан азаматтарына мұндай казиноларға кіруге тыйым салынады. Олар кіргізілген жағдайда, ойын мекемелерінің иелері лицензияны қайтарып алуды қоса алғанда, жауапкершілікке тартылады.

«Қазір біз (норманы) мемлекеттік органдармен талқылап жатырмыз. Егер қолдау көрсетілсе, біз оны парламентке енгіземіз», - деді Тұрғанбаев.

Тұрғанбаев қазақстандықтар үшін Бурабай мен Қонаевтағы казинолар ашық қала беретінін айтады.

Инвесторларды ынталандыру үшін қосымша шаралар да қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, казиноларды олардың санын көбейтуге ынталандыру үшін ойын үстелдері мен автоматтар үшін төлемді төмендету ұсынылады.

«Біз қазір шетелдіктерге баса назар аударып отырғанымызды ескере отырып, Ұлыбританияның тәжірибесі бойынша оларды жеке табыс салығын төлеуден босатқымыз келеді. Яғни, клиент, егер казинода жеңіске жетсе, ол барлық ұтыстарды өзімен бірге алып кетеді. Яғни, ол бюджетке төлемейді», - деп атап өтті комитет төрағасының міндетін атқарушы.

Әлеуетті инвесторларға келетін болсақ, Тұрғанбаев қытайлық, еуропалық және ресейлік компаниялардың ұсыныстары қарастырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлерді тарту жоспарлануда, өйткені шетелдік инвесторлар тәуекелдерді бөлу үшін қазақстандық серіктестермен ынтымақтастыққа мүдделі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#казино #шетелдік #аймақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);