Әскери қызметшілердің дастарқанына ұлттық тағамдар қосылды

Әскери қызметшілердің дастарқанына ұлттық тағамдар қосылды Фото: Дмитрий Куцель

Бұл жаңалықта Ұлттық ұлан бастамашы болды.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдар қосылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі тыл қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды.

Жаңартылған армиялық рационға қазақша ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар енгізіледі.

"Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу - бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам", - деп атап өтті Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.

Ұсынылып отырған өзгерістер алдын ала Қазақ тамақтану академиясымен келісілген. Себебі калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді.

Бұл бастама әскери қызметшілердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы рөл атқарады.

Айта кетсек, өткен жылы құқықтық тәртіп әскерлерінде жаңартылған рационға апробация жүргізілді. Ұландықтар бұл бастаманы ықыласпен қарсы алды. Олар дәстүрлі тағамдардың әскери қызметте қолайлы жағдай жасап, психологиялық көңіл-күйдің жақсы болуына өз септігін тигізетінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:38

16:44

16:31

16:22

16:10

16:00

15:52

14:57

14:49

14:44

14:18

14:05

13:32

13:07

12:23

12:08

12:00

11:49

11:30

11:26

11:16

09:51

09:30

09:16

09:09