«Қар тазалаушы» қариялар

«Қар тазалаушы» қариялар Суретті түсірген - С.Құсайынов

Бостандық ауданының ардагерлері «Таза қала. Таза саябақ» атты игі бастама көтеріп, көпке үлгі істі қолға алды.

Осынау шара аясында ауданның белсенді қариялары қаланың біршама жерін қардан тазартып шықты. Қолдарына күрек-қайла ұстаған қариялардың қимылы тым ширақ. Дауыстары да жарқын-жарқын. «Күні бойы үйде отырғанша қаламыздың тазалығына өз үлесімізді қосып, жастарға үлгі көрсетейік дедік. Біз үшін Алматы – баршамыздың сүйікті қаламыз болғандықтан, оның келбетінің көрікті болғаны керек» дейді белсенді қариялар.

«Қар тазалаушы» қарияларға саябақта серуендеп жүрген қала тұрғындары, жастар жағы да қызығушылық танытып жатыр. Енді бір сәтте жастар да қолдарына күрек алып, айналаны қардан тазалап, ардагерлерге көмек көрсетуге жұмылды.

 

Жангелді СӘДЕНҰЛЫ, Бостандық аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:  

АЛМАТЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕСІМІЗДІ ҚОССАҚ ДЕЙМІЗ

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасына үн қосып, «Таза Қала. Таза саябақ» деген акция өткізіп отырмыз. Мұндағы біздің басты мақсатымыз – жастарға өнеге көрсетіп, үлгі болсақ дейміз. Саябақ таза болса, қаламыз, төңірегіміз таза болады емес пе? Сондықтан ауданның қариялары ақылдаса келе, тек көктем, күзде ғана емес, қыста да осылай акция өткізіп отыруды шештік. Ауданымыздың «Орбита-1, 2, 3, 4» және «Таугүл» ықшамауданында, «Ботаникалық бағында» қариялар қар күреп, белсенділік танытып жатыр. Бізді ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ. Өзіміз осындай қадамға барып, қаланың тазалығына үлесімізді қоссақ дейміз. Өйткені, бұл саябақ барлығымыздың демалатын, серуендейтін демалыс орнымыз.

 

Рахым ӘБІЛХАНҰЛЫ,

Жастарды рухани және патриоттық сезімге тәрбиелеу жөніндегі комиссия төрағасы:  

ЖАСТАРЫМЫЗ ЕЛІ МЕН ЖЕРІН, ТІЛІН ҚҰРМЕТТЕСІН

Қазір менің жасым 79-да. «Кезінде еңбек еттік қой, елге еңбегім сіңді» деп қарап отырғым келмейді. Қазір қоғамдық жұмыстарға араласып, жастарға үлгі көрсетіп жүрмін. Жастарымыз елі мен жерін, тілін құрметтесін. Қазір өзі бір көштің соңынан екінші көш келеді деген заман болды ғой. Біз сол екі қоғамды да көрген адамдармыз. Жастарға дұрыс тәрбие беруде жалаң сөзбен емес, іспен үлгі болайық.

 

Айжамал КӨБДЕН,

Бостандық ауданының тұрғыны: 

СЕРГЕКТІК ҮШІН ДЕ ҚИМЫЛ КЕРЕК

Саябаққа жақын маңда тұрамын. Осында жиі серуендеймін. «Таза Қазақстан» аясында қар күреп, қаланың тазалығына аз да болса үлесімді қосып жатқаныма сондай қуанып тұрмын. Неге десеңіз, мен көпқабатты үйде тұрғандықтан, қимыл-қозғалыс аз. Сондықтан сергектік үшін де қимыл керек дер едім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:14

18:35

18:16

18:08

17:45

17:38

17:26

17:13

16:42

16:02

15:39

15:30

14:44

14:41

14:28

14:14

13:56

13:32

12:57

12:54

12:48

12:28

11:54

11:51

11:43