AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға сотталды

Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға сотталды

Заң мен тəртіп 31.01.2025, 16:22 715 yakiya
Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға сотталды
Сурет: интернеттен

Ол өзіне қызметте болған кезде берілген мемлекеттік наградасынан айырылады.

Астананың мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұловқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Мұқышеваның үкімі бойынша Болат Мажағұлов тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, 8 жыл 6 айға сотталды.

Болат Мажағұлов өткен жылдың қыркүйек айының басында ұсталды. Тергеуді ҚМА (Қаржы мониторингі агенттігі) жүргізді. Экс-шенеунікке ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») айып тағылды. Тергеу нұсқасы бойынша, «Солнце» субұрқағын салу кезінде бір миллиардтан астам теңге жымқырылған.

2016 жылы елорданың туған күніне орай пайдалануға берілген «Солнце» субұрқағы Орталық Азиядағы ең ауқымды жоба ретінде таныстырылған еді. 80 метрге дейін көтерілетін су ағындары жарқын шоу жасап, елорда тұрғындары мен қонақтарын қуантты. Алайда 2019 жылға қарай субұрқақ жарамсыз болып, су ағындарын бүркуін тоқтатты. ҚМА мәлімдеуінше, субұрқақ құрылысында сапасыз материалдар пайдаланылып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбестен келісімшарттарға қол қойылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Болат Мажағұлов #сот #үкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Əділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін 09:35

Жұма күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:05

Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды

Кеше 17:13

Алматы есірткіге қарсы бірікті: ҚБТУ алаңында алып ту жайылды

Кеше 16:51

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті

Кеше 16:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);