AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ZHAS MAMAN 2025»: алматылық оқушылар болашақ бағд...

«ZHAS MAMAN 2025»: алматылық оқушылар болашақ бағдарын бүгін таңдауда

Әлеумет 31.01.2025, 18:15 664 Айнабай Мәди
«ZHAS MAMAN 2025»: алматылық оқушылар болашақ бағдарын бүгін таңдауда
Сурет: автор

Қаламыздың Оқушылар сарайында жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған «Zhas Maman 2025» кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтті.

Аталған іс-шараға 3 000-нан астам тоғызыншы сынып оқушысы келді. Бұл жәрмеңке шәкірттерге болашақ мамандықты таңдауда бағыт-бағдар болды. Жәрмеңкеге 50-ден астам колледж қатысты. Оларға түрлі салаға мамандар даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларының кең спектрі  ұсынылды. Бұл бастама жоғары сынып оқушылары үшін үлкен маңызға ие.  Өйткені, дәл осындай шара жасөспірімдерге мамандық таңдаудың маңызын түсінуге әрі оларды табысты мансап жолына бағыттауға көмектеседі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Медеу ауданының білім бөлімі мен  № 64-мектеп. «Атамекен» палатасының қызметкерлері қалалық Білім басқармасымен бірлескен жұмыс жоспары аясында спикерлер ретінде қатысты. Себебі, палата оқушыларды дуальды оқыту мен кәсіптік бағдарлау аясында кәсіпорындармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Бұл үшін жыл бойына түрлі конференция, «дөңгелек үстел» үрдісіндегі жиындар,  оқушыларды жұмысшы мамандықтармен таныстыруға қала кәсіпорындарына танымдық экскурсиялар жоспарланған.

Сонымен қатар, палата әр жастағы адамдарға жұмысшы мамандығын алу үшін қысқа мерзімді курстар өткізуге, дуальді оқыту бағдарламасын іске асыруға, кәсіптік бағдар беруге байланысты түрлі іс-шараға, сондай-ақ кәсіпкерлерді сұранысқа ие жұмысшы кәсіптерінің маманын даярлауға қолдау көрсетуде. Бұл жөнінде форумда Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерді қолдау және дамыту бөлімінің жетекші маманы Жанар Ибрагимова айтып берді. Бұл шара кәсіби бағдар беру мен осы күнгі еңбек нарығының сын-қатерлеріне дайын жастарды даярлау мәселесіне кешенді көзқарастың маңыздылығын ерекше көрсетті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«ZHAS MAMAN 2025» #алматылық оқушылар #кәсіпкерлер жәрмеңкесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);