конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жалған дипломмен ұсталғандардың  ішінде басшылар д...

Жалған дипломмен ұсталғандардың  ішінде басшылар да бар

Заң мен тəртіп 31.01.2025, 17:50 994 yakiya
Жалған дипломмен ұсталғандардың  ішінде басшылар да бар
Сурет: интернеттен

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жалған дипломмен жұмыс ісетеген жүздеген бапкерді анықтады.

Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, былтыр тренерлік-оқытушылық және спорттық қызметпен айналысқан 278 адамның жалған диплом пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Соның ішінде 9 басшы, 248 жаттықтырушы және 21 басқа қызметкер бар. Ондай адамдардың басым бөлігі бес облыста әшкереленді. Олар:

• Түркістан облысы – 44 адам;

• Атырау облысы – 30 адам;

• Алматы облысы – 26 адам;

• Жамбыл облысы – 22 адам;

• Ақмола облысы – 20 адам;

"Мысалы, Астана қаласында олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшыларының бірі жоғары білім туралы жалған дипломмен жұмыс істеген. Оның оқу барысында басқа спорт ұйымында нұсқаушы қызметін атқарғаны анықталды", - деді Бигайдаров бүгінгі брифингте.

Ал Маңғыстау облысында олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде директор орынбасары жалған дипломмен ұсталды. Қазіргі кезде барлық материал ішкі істер органдарына берілді. Соның аясында тергеу шаралары басталды.

"Қабылданған шаралар аясында 250 адаммен еңбек келісімшарттары бұзылды. Қалғандары бойынша жұмыстан босату мәселесі тергеу нәтижелері бойынша шешіледі", - деп атап көрсетті агенттіктің ресми өкілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#антикор #диплом #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Кеше 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);