Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ұлттық банк балаларды интернет-алаяқтардан қорғауғ...

Ұлттық банк балаларды интернет-алаяқтардан қорғауға үндейді

Заң мен тəртіп 09.07.2025, 16:17 587
Ұлттық банк балаларды интернет-алаяқтардан қорғауға үндейді
Сурет: Pixabay

Интернеті бар смартфон бала үшін де, ересек үшін де қауіпті. Цифрлық әлемнен хабары бар (ересек) адам өзін қорғар, ал үйдегі балалар қорғалған ба?

Соңғы кезде интернетте балаларға қатысы бар алаяқтық оқиғалар көбейіп бара жатқанға ұқсайды. Осыған байланысты еліміздің бас банкі ата-аналар мен педагогтер қауымына үн қатып, балаларды онлайн-қауіптен қорғау шараларын күшейтуге шақырып отыр.

Алаяқтар, әдетте, байланысқа шыққанда өзін таныс адам немесе мемлекеттік қызметкер, я болмаса, белгілі бір ұйымның өкілі ретінде таныстырып, сенімге кіруге тырысады. Сондағы арам ойы — сіз бен біздің немесе баламыздың жеке басына қатысты мәліметті, банк картасының деректерін, құпиясөзін (паролін) және басқа да өзіне керек ақпаратты ұрлау.

Алаяқтар жиі қолданатын тәсіл — фишинг пен спуфинг.

Фишинг. Бұл тәсілді қолданатын алаяқтар өтірік сайтқа сілтеме жіберіп, банк картасының деректері мен пароль/кодты тергізуге ұмтылады.

Спуфинг. Бұл тәсілді қолданатын алаяқтар өзін белгілі бір ұйымның (банк, клиника, құқық қорғау органдары, коммуналдық мекеме) өкілі ретінде көрсетіп, алдау арқылы ақпарат алуға тырысады.

Қауіптің тағы бір түрі бар, ол — баламен интернетте сөйлесетін «виртуалды таныстар». Олардың да бар көксейтіні — ақша ұрлау, пайда табу, құрылғыны бүлдіретін/бұзатын, вирус тарататын сілтеме тарату.

Не істеу керек?

Ұлттық банк ата-аналар мен педагогтерге мынадай кеңес береді:

балаларға интернетте барынша сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін үйрету керек

әр бала өзінің, ата-анасының деректерін ешкімге беруге болмайтынын түсінуі керек

баланың смартфонына «ата-ана бақылауы» функциясын қосып, антивирус пен қауіпсіз режимді орнатып қойған жөн

сенімді құпиясөз қойып, қос факторлы аутентификацияны (қосымша кодпен растауды) іске қосып қойыңыз

баланың онлайн-төлемдерін бақылап тұрған дұрыс

онлайн-сауда жасау үшін міндетті түрде ата-ананың рұқсаты қажет екенін түсіндіріп қойыңыз.

Ұлттық банк кәмелетке толмаған баланың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету — тек ата-ананың ғана емес, педагог пен баланың өзіне де жүктелетін ортақ міндет екенін еске салады. Егер алаяқтыққа қатысты қосымша сұрақтар туындайтын болса, 1477 (тегін) нөміріне хабарласып, Ұлттық банктің Байланыс орталығынан кеңес алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #алаяқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астананың ортасында шетелдіктер дәрет сындырған: полиция не дейді?

Бүгін 12:29

Дәрігер аллергияның негізгі белгісі мен оны емдеудің жолын айтып берді

Бүгін 12:13

Актер Әбілмансұр Серіков тағы да шаңырақ көтерді

Бүгін 11:57

Алматылық арудың жүрегіне жасалған күрделі ота сәтті өтті

Бүгін 11:54

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 11:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі