ffin.kz

Трампқа қарсы сот басталды

Трампқа қарсы сот басталды www.dailydot.com

Бұл оның келесі жылы өтетін сайлауға қатысуына кедергі болмақ


Батыс басылымдары соң­ғы күндері АҚШ-тың экс- президенті Дональд Трамп өзіне қарсы өтетін сотқа келді деп жарыса жаза баста­ды. Алайда, бұл процесс күні бүгін басталған жоқ. Мұндай істер ол билікте болған кез­ден бері жүруде. Жағдайды соңғы кездері өршітіп отыр­ған оның саяси амбициясы. Ол екінші рет президент бо­луға мүдделі. 2024 жылғы сайлауға дайындықты әлде­қашан бастап кетті.




ДЕМОКРАТТАРДЫҢ БАСТЫ ҚАРУЫ – СОТ ЖҮЙЕСІ


Америка Құрама Штаттары әлемдік демократияның символы. Содан болар, әлемдегі ең күрделі саяси жүйе қалыптасқан. Мұнда ұзақ жылдан бері екі саяси партия билікке таласып келеді. Бір жағы демократтар болса, олардың басты бәсекелесі – республикалықтар.


Қазір екі партия арасында қызу бәсеке жүруде. Оған 2024 жылы өтетін президент сайлауы себеп болып отыр. Саяси бәйге экс-пре­зидент Д.Трамптың үміткер бола­мын деген мәлімдемесінен кейін қыза түсті. Ол бұл туралы 2022 жылдың қаңтарында айтып еді. Аризона штатында оны қолдап митинг өтеді. Бұл мәлімдемені сол кезде жариялаған. Оның бұл штат­ты таңдауы бекер емес. Аризона үнемі республикалықтарды қолдап келген штат. Ол 2016 жылғы сай­лауда осы штатта жеңіп еді. Бірақ 2020 жылы күтпеген жерден штат Джо Байденді қолдады.


Бұл мәлімдемеден кейін демок­раттар іске кірісті. Партияның бас­ты қаруы сот-құқықтық жүйе. Биыл Трампқа қарсы бірнеше іс қатар түрлі штаттарда жүруде. Кейбіреу­лері бойынша тергеу жұмыстары жүрзіліп жатса, екі іс бойынша сот процесі басталды. Биыл сәуірде президент болған кезде әйелінің көзіне шөп салды деген айып бо­йынша істі жабуға ұмтылды деген айып тағылды. Бұл іс Нью-Йорк федеральды сотында қаралуда.


Одан кейін маусым айында оның үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Оған құпия құжаттар­ды дұрыс қолданбады деген айып тағылып отыр. Ал соңғы іс бойын­ша сот 3 тамызда басталды. Ва­шингтонның соты оған 2021 жылы Капитолийге жасалған шабуылға түрткі болды деген айып тағуда. Ал Трамп болса бұл істердің бәріне демократтарды айыптап отыр. Оның айтуынша, олардың басты мақсаты сайлауалды кампанияға кедергі келтіру. Экс-президенттің сөзінің жаны бар. Себебі, бір топ демократтар соңғы сот процесінің жария өтуін талап еткен. Олар 2021 жылғы оқиғалар демократияға қай­шы дейді.


ТРАМП САЯСИ АҢЫЗДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ХАС ШЕБЕРІ


Демократтардың сайлаудағы басты қаруы сот жүйесін өз мақса­тына қолдану болса, Трамп қо­ғамның сезімдерін басқаруды әдет­ке айналдырған. Алғаш рет 2016 жылы жеңіске жеткен кезде де, одан кейін 2021 жылы сайлау нәтижесі­мен келіспейтін наразылардың Ка­питолийге басып кіруінде де осын­дай саяси технологияны қолданды.


Саяси аңыздарды жасау және сол арқылы қалың бұқараны басқа­ру технологиясын көп саясаткерлер қолданады. Мемлекет пайда бол­ғаннан бері қолданылып келеді де­сек, артық етпес. Оны әсіресе, авто­ритар, диктатураға бейім адамдар қолданады.


САЯСИ АҢЫЗДАР КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛАДЫ


Саяси аңыздарды колониалды елдер де жиі қолданған. Мысалы, патша үкіметі кезеңінде жоңғар шапқыншылығы жайлы аңыз әлі күнге дейін қазақ қоғамына әсер етуде. Бертін келе Кеңес Үкіметі ұлттар достығы аясында қазақ хал­қы меймандос, қонақжай халық деген аңызды өмірге әкелді. Бұл аңыз да бүгінгі күнге дейін қо­ғамдық-саяси жағдайға әсер етуде. Кез келген этносаралық дағдарыс­та ақсақалдар институты ортаға түсіп, басу айтқанда халықтың са­насына сіңген көзқарастарды қол­данады. Шындығында, меймандос­тық пен қонақжайлылық қазаққа ғана тән қасиет емес. Бізде бұл қа­сиет бар екені рас. Алайда, мұны саяси құрал ретінде қолдану тиімді емес. Дауды уақытша ғана шешеді. Негізі бұл құралдың орнына заң институттары жұмыс істеуі тиіс.


Біз жоғарыда демократтардың саяси мақсатына жету үшін сот-құ­қықтық жүйені қолданатынын жаз­дық. Ал Трамп билікке жету үшін саяси аңыздарды қолданады. 2016 жылы президент сайлауына До­нальд Трамп пен Хиллари Клинтон басты қарсыластар болды. Сай­лауалды кампания кезінде «пицца­гейт» деген конспирологиялық «қастандық теориясы» (теория заго­вора) қоғамда кең тарады. Оның басты мақсаты Клинтонның саяси беделін түсіру еді. Бұл теорияға сәйкес, Клинтон мен өзге де демок­ратиялық партия өкілдерінің бала­ларды азаптайтын құпия ұйыммен байланысы бар-мыс. Олар Comet Ping Pong пиццериясында жиналып, балаларды азаптайтын түрлі діни рәсімдер жасайды-мыс.


Трамп президент болған тұста Америкада тағы бір конспироло­гиялық теория тарады. QAnon деп аталатын теория бойынша әлемді және Американы құпия сатанист- педофильдер басқарады-мыс. Олардың ойынша, бұл ұйымға де­мократиялық партия өкілдері, гол­ливуд жұлдыздары және өзге де белгілі тұлғалар кіреді. 2021 жылы Капитолийді басып алуға осы тео­рияны қолдайтындар қатысқан де­ген ақпарат та бар.


Экс-президентті қолдаушылар тағы бір конспирологиялық теория­ны кеңінен таратады. Бұл теория бойынша сайлау нәтижесіне сырт­қы күштер (мемлекеттер) әсер ет­кен, сондықтан Трамп сайлауда жеңілген. Бұдан шығатын қоры­тынды ХХІ ғасырда да саяси аңыз­дар кеңінен қолданылады. Тіпті, Америка Құрама Штаттарының өзінде де.


Ал келесі жылы өтетін сайлауға келер болсақ, Трамп республика­лықтардың негізгі үміткері болса да, жеңіске жетуі қиын болмақ.


«Аlmaty-akshamу», №93, 5 тамыз, 2023 жыл

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58