Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан футболының ардагері, ұлттық құраманың бұ...

Қазақстан футболының ардагері, ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері өмірден өтті

Спорт 17.11.2025, 09:01 370
Қазақстан футболының ардагері, ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері өмірден өтті
сурет: nv.kz

Бұрынғы ұлттық құраманың бас бапкері Серік Сәрсембайұлы Бердалин 79 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Белгілі маман ұзаққа созылған сырқатынан кейін өмірден озған. Қарағандының «Шахтёр» клубы қаралы хабарды ресми түрде растады.

Клуб мәлімдемесінде Серік Бердалиннің тағдыры қазақ футболымен тығыз байланысты болғаны атап өтілді. Ол бапкерлікке «Шахтёр» клубында алғашқы қадамдарын жасап, 1965 жылы команда дублінде ойнай бастады. 1966 жылғы маусымда «А» класы санатында үш матч өткізіп, бір гол соққан. Кейін «Металлург»/«Строитель» (Теміртау) командаларында өнер көрсетіп, 1973–1975 жылдары «Шахтёр» сапында қорғаушы ретінде мансабын аяқтаған.

Бапкер ретінде де Бердалин елеулі жетістіктерге жетті: 1995 жылы «Шахтёрмен», ал 1998 жылы «Ертіспен» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол жас ойыншылардың дамуына, қарағандылық клубтың қалыптасуына және жалпы отандық футболға үлкен үлес қосты.

«Серік Сәрсембайұлы – өз ісінің хас шебері ғана емес, әрдайым шабыт беріп, қолдау көрсетіп, шәкірттеріне сенім ұялата білген жан еді. Оның жарқын бейнесі әріптестерінің, жақындарының, шәкірттерінің және футболды сүйетін барлық жанның жүрегінде сақталады», – делінген «Шахтёр» хабарламасында.

Серік Бердалин «Жетісу», «Есіл» командаларын және 1995–1997 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасын басқарды. Кейін Қазақстан Республикасының футбол жөніндегі мемлекеттік тренері қызметін атқарды.

Ол – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР еңбегі сіңген спорт қайраткері, сондай-ақ 1995 жылғы «Жылдың үздік бапкері» атағының иегері.

Марқұмның отбасына, туған-туыстары мен қазақ футбол қауымдастығына қайғыра көңіл айтамыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Ұлттық құрама #Серік Бердалин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика