AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жетісу облысында полицейлер жол апатынан қаза тапқ...

Жетісу облысында полицейлер жол апатынан қаза тапқандарды еске алды

Заң мен тəртіп 16.11.2025, 15:45 484 dulatbekova
Жетісу облысында полицейлер жол апатынан қаза тапқандарды еске алды
Сурет: Polisia.kz

Алакөл ауданында полицейлер жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандарды еске алу апталығы аясында "Жарық шам"  акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жолдарда өмірі үзілген азаматтарды құрметпен еске алу және қоғам назарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға аудару. Акция барысында полицейлер жол-көлік оқиғаларында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігінің жоғары болуы керектігін, ал жолдағы қауіпсіздік барлық санаттағы жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің тікелей жауапкершілігі. Сонымен қатар балаларға жол мәдениетін үйрету – ата-аналардың басты міндеті екенін атап өтті. Іс-шараның тағы бір маңызды бөлігі – полиция қызметкерлерінің шығармашылық орындауы болды.

 Олар жол қауіпсіздігі тақырыбына арналған авторлық ән жазып, оны көпшілікке ұсынды. Әнде магистраль, мопед, адам өмірін жалмаған қателіктер мен құқық бұзушылықтар, заң мен тәртіптің құндылығы туралы жүрекке жететін жолдар орындалды. Музыка арқылы полицейлер қарапайым, бірақ өте маңызды ойды жеткізді.

 Әрбір адам өмірі – баға жетпес, ал қайғылы жағдайдың алдын алу – әрбіріміздің қолымызда. Полиция мұндай іс-шаралар қоғамда жол ережелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және тұрғындар мен құқық қорғау органдарының өзара байланысын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Қаза тапқандарды еске алу – жол қозғалысы ережелерін сақтау формальды емес, күнделікті өмір нормасы болуы тиіс екенін еске салады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу ауданы #Жарық шам #жол апатынан қаза тапқандар #еске алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);